You are here

"Орталық Азияның жастары. Қазақстан" әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері жарияланды

Printer-friendly versionPDF version

 

2014 жылғы 27 желтоқсаннан бастап 2015 жылғы 15 қаңтарға дейін 14 және 29 жас аралығындағы жастар арасында Қазақстанда алғаш рет "Орталық Азияның жастары. Қазақстан" әлеуметтік зерттеуі өткізілді. Енді зерттеу әр 4 жыл сайын өткізілетін болады. Ал Германияда бұл зерттеу 1953 жылдан бері өткізіліп келеді. Сауалнама 1000 респондентті, 2 фокус-топты, 5 тереңдетілген сұқбатты қамтыды. Зерттеудің географиясы: Орталық Азияның 4 мемлекеті (Қазақстан, Тәджікстан, Өзбекстан және Қырғызстан).

Әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері "Көпэтносты Қазақстандағы жастардың өмірлік мақсаттары, бірегейлігі және құндылықтары" атты ғылыми семинарда 2016 жылғы 28 сәуірде ҚазГЮУ Университетінде Фридрих Эберт атындағы қор мен "Қоғамдық пікір" Зерттеу институтының қолдауымен ұсынылды.  Семинарға КазГЮУ Университетінің кафедра меңгерушілері, профессорлары мен студенттері, "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ жоғары білімді дамыту департаментінің менеджері С.Ильясова қатысты. 

Жолаев Рахымбек Қуатбекұлы, КазГЮУ Университетінің жалпы білім беретін пәндер мен тілдік даярлық мектебінің директоры, құттықтау сөзімен семинардың ресми бөлігін ашты.

Шутова Зәуреш Есдаулетқызы, "Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі" кеңсесінің басшысы, Елбасының назарында тұрған жастар саясаты әрқашан да Қазақстанды дамытудың басты бағыттарының бірі болғанын атап өтті. 

Ракишева Ботагөз Ислямқызы, ҚР Президенті жадындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, әлеуметтік ғылымдардың кандидаты, жобаның ғылыми жетекшісі, "Орталық Азияның жастары. Қазақстан" зерттеуінің әдістемесін ұсынды. 

Үмбеталиева Толғанай Буденқызы, Фридрих Эберт атындағы қордың Алматы қаласындағы кеңсесінің басшысы, әлеуметтік ғылымдардың кандидаты, "Орталық Азияның жастары. Қазақстан" әлеуметтік сауалнаманың нәтижелерінің - "Жастардың саяси құндылықтары. Мемлекеттік саясатты бағалау" бөлігін назарға ұсынды. 

Мажитова Айнұр Боранбайқызы, "Қоғамдық пікір" зерттеу институтының директоры, әлеуметтану магистрі, Ашкенова Гүлден Түкембайқызы, "Қоғамдық пікір" зерттеу институтының ғылыми қызметкері, әлеуметтану магистрі, жастардың білімге, отбасыға және некеге қатысты құндылықтары туралы айтты. 

Кошанова Сәуле Ерденқызы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жадындағы Конфуций Институтының директоры шетелде білім алу - жұмысқа тұрудың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде қарастырды ("ҚР-дан ҚХР-ға білім миграциясы" әлеуметтік сауалнама мысалында).

Семинарды қызықты пікірталас жалғастырды.

Семинардың аяғында қатысушыларға сертификаттар табысталды.