You are here

Өзгерістер - өмір талабы

Printer-friendly versionPDF version

PISA зерттеуіне бұрыңғы кенес үкіметінен кейінгі кеңістіктің екі елі - Қазақстан мен Ресей ғана қатысады. Бұл сынаққа бізді не итермеледі?

- 2009 жылы Әзірбайджан мен Қырғызстан да қатысқан болатын. Олардың нәтижелері біздің нәтижелерімізден төмен болды. Осылайша 65 елдің ішінде оқу сауаттылығы бойынша Қазақстан 59-орынға, Қырғызстан 65-орынға, ал Әзірбай­джан 64-орынға ие болды. 

Қазақстанның ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастықты дамыту ұйымы) PISA жобасына үнемі қатысуы - бұрын-соңды болмаған және стратегигиялық қадам. Жүргізіліп жатқан білім беру саясатының әлемдік салыстыруда тәуелсіз халықаралық бағалануы біз үшін маңызды болды.

Әлемнің барлық елдері халықаралық зерттеулер нәтижелері есебінен өзінің ары қарай даму жолдарын анықтайды. Мысал келтіргім келіп отыр: 2001 жылы PISA-ның алғашқы нәтижелері жарияланған кезде, Германия нағыз күйзеліске тап болды: ол 32 елдің арасында 21-орынға ие болды. Бұл жағдай білім беру аналитикасына “PISA-шок” деген атпен кірді. 

Қызу талқылаулар нәтижесінде Германияның білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Соның ішінде бірыңғай білім стандарты қабылданды, бұрын болса әр жердің өзінің жеке білім стандарты болды. Жерлердің көп бөлігінде 3, 4, және 9-сынып оқушылары үшін аралық емтихандар енгізілді. Көші-қон отбасыларынан шыққан мектепке дейінгі жастағы және бастауыш сынып оқушылары үшін неміс тілінің арнайы курстарын енгізу арқылы тіл саясаты күшейтілді. 11-жылдық іс-шаралар нәтижесінде 2012 жылдың өзінде-ақ Германия 65 елдің ішінде математикадан 16-орынға, оқу бойынша 12-орынға, жаратылыстанудан 19-орынға ие болды. Білім беру жүйесін жақсарту дәл осындай тілек бізді PISA-ға қатысуға итермелеп отыр. 
-  2009 жылғы алғашқы тестілеудің нәтижелері 
министрлік үшін күтпеген жағдай болды ма? 

- Әлемдік автожарысқа өзіңіздің ескі велосипедіңізбен қатысқанда нәтижесі Сіз үшін күтпеген жағдай болар ма еді? 
Әрине, PISA-2009 нәтижелері күтпеген жағдай болмады (65 елдің ішінде математикадан - 53-орын, жаратылыстанудан - 58-орын, оқудан - 59-орын). 
Біздің қатысушылар үшін тесттік тапсырмалардың форматы таныс болмайтынын біз анық түсінетінбіз. Өйткені PISA тесті бірегей. Бұнда біздің білім беру саласының білімдік мазмұны қамтылмаған.  
Өткен ғасырдың 80-жылдарының соңында-ақ дамыған елдер білімдік жүйеден құзыреттілік білім беру жүйесіне өте бастады.  
Бұл нені білдіреді? Сол уақытта бұл елдер біздің әлемдегі ақпараттың көлемі айтарлықтай тез ұлғаятынын түсінді. Мысалы, қазір заманауи адам бір айда
XVII ғасырдағы адам барлық өмір бойы жинаған ақпарат көлемін алады және оны қорытады. Сондықтан балаларды пайда болған барлық білімге үйрету пайдасыз әрі мүмкін емес.
Қазіргі тез өзгеретін әлемде сапалы академиялық біліммен қатар 
балалардың ақпаратты дербес іздеу, саралау және оны өз өмірінде тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру керек. 

Бірақ бұл дағдыны қалай өлшеуге болады? PISA жобасы 15-жастағы жасөспірімдердің алған білімдерін қолдану, аналитикалық және сыни ойлау қабілетін, жауаптарды дәлелдеу және болжау дағдыларын өлшейді. 2000 жылы бұл зерттеу алғаш рет 32 мемлекеттің қатысуымен өткізілді. 
Мұнда барлық әлем білім берудің жаңа парадигмасына өтіп жатқанда, жаңа тәуелсіз мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да, - білім берудің ұлттық моделін құру, қиын экономикалық жағдайда өзінің әлеуетін өсіру сияқты 
басқа міндеттерді шешкенін атап өткен маңызды. 

Біздің соңғы білімдік стандарт 2002 жылы бекітілген болатын. Жаңа бағдарламалар бойынша біздің 1-сынып оқушыларымыз биылғы жылы ғана бастайды. Яғни біздің білім беру жүйеміз құзыреттілік моделін енгізуден жобамен 20 жылға қалып жатыр. Әрине, біздің оқушыларымыздың PISA-дағы нәтижелері бұдан жақсы бола алмады.   
Ал Қазақстанда мектепте 12-жылдық білім беруді енгізу білімдік модельден білім берудің құзыреттілік моделіне өтудің мәні мен мазмұнын толық айқындайды. Енді біздің оқушылар жаңа бағдарламалар бойынша білім алып, ЭЫДҰ елдеріндегі құрдастармен бәсекелестік жасау үшін қажетті дағдыларды қалыптастыра алады. 
- Үкіметтік есептер мен сұқпаттарда 
қазақстандық оқушылар PISA-2012 екінші тесттерде, PISA-2009-бен салыстырғанда, айқын прогресс көрсетті. Бірақ оқу сауаттылығының деңгейі бойынша өсім үш-ақ балды құрады (390-нан 393-ға), ал салыстырмалы рейтингте Қазақстан 59-орыннан 60-орынға түсті. Бұндай жағдайда прогресс туралы айта аламыз ба?

- Қазақстанның PISA-2012 нәтижелері, мен тағы да атап өтемін, барлық елге ашық ұсынылды. Ешқандай үкіметтік есептер болмады. Және біз оқушыларымыздың математика (+27 балл) және жаратылыстанудағы (+25 балл) жетістіктері туралы ғана айтқан жоқпыз.  
Оқу бойынша шамалы прогрестің себептері айқындалды. Қазақстандық оқулықтарда әдеби шығармалардың үзінділері бар, сол уақытта бұнда кескін, диаграмма мен кестелері бар мәтіндер мүлдем жоқ. Біздің оқушылар іскерлік стилдегі мәтіндермен, әртүрлі нұсқаулықтармен, ақпараттық материалдармен жұмыс жасай алмайды. Атап айтқанда, 
PISA тесті оқу құзыреттілігін ақпаратты қабылдау, жалпылау және сыни саралау қабілеті ретінде өлшеді. 

Зерттеу отбасы оқу мәдениеті деңгейінің де маңыздылығын көрсетті. PISA-2012 сауалнамасында біздің оқушылар үй кітапханасында орта есеппен 150 кітап барын белгіледі, ал олардың Корея мен Сингапурдағы құрдастарының үй кітапханасында 250-ден артық кітабы бар екен.

Оқу бойынша халықаралық тест көптеген елдер үшін қиын болғанын атап өткен жөн. 
2009 жылмен салыстырғанда Финляндия 
12 балға (536/524), Корея 3 балға (539/536), Жаңа Зеландия 9 балға (521/512), Швеция 14 балға (497/483) нәтижелері нашарлады.  

Сондықтан біз үшін 3 балдың қосылуы да -  алға қадам басқанымыз. 
- Тесттер оқушылардың білім деңгейі мен оқыту тілі арасындағы өзара байланысты айқындайды ма?
- Бұл контексте бірқатар дисбаланс бар екенін біз түсінеміз. Орыс және қазақ тілдерінде оқытатын мектептер көрсеткіштерінің алшақтығы, мысалы оқуда, біржарым жылға тең келеді ("2009 және 2012 жылдарда өткізілген
PISA зерттеуінің нәтижелерін саралау" Дүниежүзілік банктің баяндамасы). Неліктен? Иә, біздің балалар ана тілінде сөйлейді, бірақ табысты білім алу үшін бұл жеткіліксіз. Қазақ мектебінің толық контенті оқулықтарды, оқыту әдістемесі мен технологияларын жетілдіруді, мұғалімдердің біліктілігін арттыруды талап етеді. Әрине, оның барлығы жасалып жатыр.  
Бірақ Білім министрлігінің негізгі стратегиялық бағыты бұл - үштілділікке негізделген білім беру мекемелерін бірыңғай типке келтіру арқылы барлық мектептердің мүмкіндіктерін теңестіру.
Біздің барлық оқушыларымыз, Голландия немесе Бельгияда сияқты, үш тілде еркін сөйлескен кезде, ал бұл фантастикалық нәрсе емес, онда білім беру сапасын саралаудың басқа да факторларына шоғырлану мүмкіндігі болады. Мысалы, ата-анасы екеуінің де жоғары білімі мен жақсы табысы бар толық отбасыдан шыққан, өзінің жеке бөлмесі мен компьютерлік столы 
бар оқушылар осындай мүмкіндігі жоқ құрдастарын екі жылға озады.  

Сондықтан үкіметтің назарында - барлық мектептер мен оқушылар үшін жағдайларды теңестіру міндетін шешу. Білім беру жүйесі әлеуметтік сепаратормен емес, әлеуметтік лифтпен жұмыс жасау керек. 
- Жалпылай қарайтын болсақ, 
PISA қайғылы нәтижелері оқушылардың дайындық деңгейін емес, мұғалімдердің кәсіби дәрежесін көрсетеді. 
- Білім сапасы осы жүйеде жұмыс істейтін мұғалімдердің сапасынан артық бола алмайтынын барлығымыз білеміз. Өкінішке орай, мұғалімнің мәртебесі мен беделі қазақстанда әлі де жоғары емес. Мұғалімнің жалақысы ел бойынша орташа жалақының 62 пайызын ғана құрайды (Жапонияда мемлекеттік қызметке қарағанда 25 пайызға артық), сондықтан мұғалімге көбірек сағат санын ала отырып, бір ставканың орнына 1,5-2 ставкада жұмыс жасауға тура келеді. Ал кәсіптік дамумен ол қашан айналысады?
Мұғалімнің мансабы тек үш қана сатыны қарастырады. Нәтижесінде талантты педагог жоғарғы шынға - жоғарғы категорияға - 27 жасында қол жеткізе алады.
Қазіргі танда педагогикалық мамандықтарға қабылдаудың арнайы талаптары жоқ, бұл оқу үлгерімі нашар немесе педагогикаға икемі жоқ талапкерлерді қабылдауға әкеліп соқтырады. Бұл тұйықталған шеңбер сияқты. Педагогикалық мамандыққа грант бойынша түсу үшін ҰБТ өту балы 75-ке тең. Салыстыру үшін: ветеринарияға - 80. Біреулер үшін бұл "біз кімді жоғарырақ бағалаймыз - балаларды ма, әлде үй жануарларын ба?" деп табалап сөйлеуге себеп болады. 
- Жазғы демалысты қысқартуға келсек …
- Біз Қазақстанның білім беру жүйесі ЭЫДҰ стандарттарынан артта қалғаны туралы сөйлесіп отырмыз. Біз бір нәрсе жасау керек туралы айтып отырмыз. Біз ЭЫДҰ стандарттарына өту керек туралы сөйлесіп отырмыз. 
Ал ЭЫДҰ сарапшылары бізге қандай кеңес береді? Біз олармен бірге зерттеу өткіздік. 43 ұсыныс алдық. Олардың әрқайсысын қазір талдап жатырмыз. Екі ұсыныс бескүндік оқу аптасы мен демалыс пен тоқсандарды үйлестіруге қатысты болды.  
Бірақ бұл сұрақтар бойынша ЭЫДҰ стандарттарына жақындау үшін жұмысты бастағанда, демалыстар туралы сияқты, наразылық білдіру басталады.  
Түсіндіріп өтсем. Әлемде 
PISA-да көшбасшы елдің ешқайсысында бұндай ұзақ әрі негізсіз жазғы демалыстар жоқ. ЭЫДҰ мемлекеттеріндегі ата-аналар үшін 1,5-2 айдың өзі  - үлкен мәселе. Жұбайылар кезек-кезек еңбек демалысын алып, балалармен отырады, өйткені оларды қалдыратын жер болмайды. Бұл отбасыны нығайтуға ықпал етпейді. Және де бұл елдерде бала 3 айда бүкіл жылы оқыған нәрсесінің барлығын ұмытатынын баяғыда түсінген. 
Біздің мұғалімдерден де сұраңызшы -  барлығы бір ауыздан бірінші тоқсанда өткен жылдың материалдарын қайталауы керек деп жауап береді. Бұл ақылға қонымды ма?
Жаздағы ыстықты айтады. Б
ізде барлық аймақтарда ыстық емес. Ыстық болса да, балалар еріп кетеді ме? Немесе олар үш ай бойы салқындатқыштың астында отырады ма? Немесе үш ай бойы жазғы лагерьге немесе ата-анасымен теңізге барады ма?

Жыл бойы ыстық болатын тропикалық елдердегі балалар не істейді екен? Мүмкін, мүлдем оқымайтын шығар? 
Егер климатқа сілтейтін болсақ, онда әлемнің көптеген елдерінде балалар мүлдем оқымауы керек: өйткені бір жерде қатты ыстық, бір жерде қатты суық болады. Бірақ бізге африкандық оқу нұсқасы керек пе?
Менің үйреншікті, бірақ ойға қонымсыз және түсініксіз жиектемеде отырып, білім беруді жақсарту мүмкін емес деп айтқым келіп отыр. 
Бірақ біз үйренгендей отыра бергіміз келсе, онда бізге 43 ұсыныс туралы ұмыту және 
PISA-ға қатысу керек емес, жай ғана өзімізді бәрінен  де ақылдымыз деп санай берейік. 

Тулеген БАЙТУКЕНОВ, Алматы

Аударған: Салтанат Ильясова