You are here

PIAAC апробациялық зерттеуін өткізуге дайындық бойынша семинар-тренинг

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 25-28 шілде аралығында «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның Халықаралық салғастырмалы зерттеулер департаменті «Қоғамдық пікір» Зерттеу институтымен бірлесіп, Қазақстанның 5 аймағынан (қ.Астана, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстары) келген 50 сұхбат алушыға PIAAC апробациялық зерттеуіне дайындық бойынша оқыту семинар-тренингін өткізді.

Семинар Астана қаласының  «Көлік және коммуникация колледжі» базасында (Конституция к-сі, 10) ұйымдастырылды.

Тренинг қатысушылары PIAAC сұхбат алушысының ережелерімен және жұмыс тәсілдерімен танысты, респонденттермен хабарласу, байланыс жасау және өзара қимыл-әрекет ету әдістері бойынша арнайы оқудан өтті. Сонымен қатар, сұхбат жүргізу үшін пайдаланылатын электрондық жүйені қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған бірқатар практикалық тапсырмалармен жұмыстар орындады.

Сұхбат алушыларға арналған семинарға дейін 4 күндік (21-24 шілде аралығы) супервайзерлер үшін оқыту тренингі өткізілді. Супервайзерлер «Қоғамдық пікір» ЗИ өкілдері сұхбат алушыларды оқытуда тренерлердің («Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ) белсенді көмекшілері болды. 

PIAAC Халықаралық зерттеуі - 16 мен 65 жас аралығындағы ересек адамдардың математикалық, оқу және компьютерлік сауаттылығын бағалайтын ЭЫДҰ-ның кең ауқымды зерттеуі.

2016 жылғы 1-тамыз және 30-қыркүйек аралығында Қазақстанның бес аймағында апробациялық зерттеу өткізіледі.