You are here

PIRLS халықаралық зерттеуінің ұлттық үйлестірушілерінің жетінші кездесуі

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылдың 4-9 желтоқсан аралығында Ағадыр қаласында (Марокко) мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалайтын PIRLS халықаралық зерттеуінің ұлттық үйлестірушілерінің жетінші кездесуі өтті. Іс-шарада 50 ел қатысты. Қазақстанның өкілі ретінде «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің жоба менеджері Байгулова Айгүл қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – PIRLS-2016 халықаралық зерттеуі құралымының және зерттеудің қатысу елдерінің халықаралық Энциклопедиясының жобаларын қарастыру.

Іс-шара IEA Оқушылардың білім жетістіктерін бағалайтын халықаралық қауымдастығы (TIMSS & PIRLS халықаралық зерттеу орталығы, IEA Хатшылығы, Канадалық статистика орталығы – Statistics Canada, IEA DPС мәліметтерді өңдеу орталығы) консорциумымен ұйымдастырылды.

IEA кездесу барысында PIRLS-2016 жобасының қорытынды статистикалық ақпаратын берді. Бұған сәйкес, халықаралық сарапшылар қатысушы елдермен жобаны жүзеге асыру барысында зерттеуді сәтті өткізгені туралы (құралдарды қалыптастыру, зерттеуді өткізу, мәліметтерді өңдеу) ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар IEA DPС мәліметтерді өңдеу орталығы (IEA Data Processing and Research Cеnter) мен Канадалық Хатшылықпен (Statistics Canada) жеке кеңес жүргізілді.

Оқыту семинарына қатысу Қазақстанның білім беру жүйесі туралы ақпаратты, сонымен қатар «PIRLS-2016 нәтижелері» халықаралық есебі үшін оқу бағдарламалары мен PIRLS Халықаралық Энциклопедиясын дайындау бойынша жұмыстың басталуына негіз болады.