You are here

PISA Data Explorer және IEA IDB Analyzer, және PISA Item Response Theory (IRT) бағдарламаларын қолдану жөніндегі семинар-тренинг

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 18 – 22 шілде аралығында Принстон қаласында (Нью Джерси, АҚШ) Білімді тестілеу қызметі (ETS, АҚШ) ұйымдастырған PISA-2015 деректерін талдау бойынша өткізілген тренингке «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның қызметкері қатысты.   

Семинар-тренинг жұмысына PISA-2015 жобасына қатысушы елдердің өкілдері қатысты. Семинар барысында зерттеудің құрылымына шолу жасалды және «Педагогикалық тесттерді параметрлеу мен модельдеу теориясы» (Item Response Theory, IRT) түсіндірілді.

PISA-2015 жобасының алдыңғы өткен цикілдерден тағы бір ерекшелейтін сипаты - орташа балдардың (Plausible Values) 10 рет есептелуі. Бұған дейінгі ресурстар деректерді тек 5 рет ғана санауға мүмкіндік берді.

Семинар соңында IEA IDB Analyzer, веб-қосымша PISA Data Explorer және Multidimensional Discrete Latent Trait Models (MDLTM), Direct Estimation Software Interactive (DESI) бағдарламаларын IRT үшін қолдануға арналған мысалдар берілді.