You are here

Рэнделл Онгтың айтуынша, Қазақстанға оқу сапары СҰУ-нің студенттереріне тек жағымды әсер қалдырды.

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылдың 6 қазанында Ақпараттық-талдау орталығының қызметкерлеріне Надежда Трубова мен Мейіргүл Алпысбаеваға Сингапур ұлттық университеті (СҰУ) Халықаралық ынтымақтастық департаментінің ассоциативті директоры Рэнделл Онгтың атынан алғыс хат жіберілді.

Рэнделл Онг Сингапур ұлттық университетінің атынан Ақпараттық-талдау орталығының қызметкерлеріне СҰУ студенттерінің тез дамып келе жатқан елдер/аймақтарды зерделеуге арналған Қазақстанға танысу сапары барасында мамыр айында кездесу ұйымдастырғаны үшін шексіз алғысын білдірді. Сапар барысында Ақпараттық-талдау орталығының қызметкерлері еліміздегі білім беру жүйесінің және білім беру саласындағы мемлекеттік басқарудың жалпы көрінісін ұсынды.

Рэнделл Онгтың айтуынша, Қазақстанға оқу сапары СҰУ-нің студенттереріне тек жағымды әсер қалдырды. Орталықта ұсынылған презентация негізінде СҰУ-нің студенттері Қазақстанда іске асырылып жатқан әлеуметтік және экономикалық өзгерістерді тереңірек түсінуге септігін тигізді.