You are here

Сауаттылықты бағалау, тестілеу түрлерін әзірлеу және құрылымы

Printer-friendly versionPDF version

2016 жылғы 5-7 желтоқсанда Ақпараттық-талдау орталығы "Сауаттылықты бағалау, тестілеу түрлері құрылымы мен әзірлеу" атты білімнің әлеуетін дамыту жөнінде Субөңірлік Орталық-Азия оқыту семинарына қатысты (қ. Алматы). Іс-шараны ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы Қазақстан, Қырғызстан, Тәджікстан және Өзбекстан бойынша ұйымдастырды.

Семинардың шеңберінде тестілеудің заманауи және дәстүрлі теорияларының, ойлаудың жоғарғы деңгейін бағалаудың сапалы тесттерін әзірлеудің  тұжырымдамалық мәселелері талқыланды. Тренингті Сидней Университетінің Білімнің деңгейін бағалау және өлшеу орталығының директоры, профессор Джим Тогнолини өткізді.

Тренингке Қазақстан, Тәджікстан және Өзбекстанның өкілдері қатысты. Орталықтың атынан Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің менеджері Е.Сабырұлы өкілдік етті.

https://itube.kaztrk.kz/videos/5506/sauattylyqty-bagalau-testterin-jangyrtu-zaman-tala