You are here

ТАБИҒАТ — ТАЛ БЕСІГІҢ, АЯЛА, ҚОРҒАЙ БІЛ, ТАЗАЛЫҒЫН САҚТА!

Printer-friendly versionPDF version

Тазалық - саулық негізі,
Саулық - байлық негізі. (Мақал)

Астанада жыл сайын көктемгі жалпы қалалық сенбілік өтеді, оған қала тұрғындарының бәрі белсене қатысады. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызметкерлер, кәсіпкерлер, жастар және т.б. бар. 

Осылайша, 2017 жылғы 16 қыркүйекте біздің қаламызды көркейтуге Ақпараттық-талдау орталығының қызметкерлері де ат салысты. 

Жалпықалалық сенбіліктің негізгі мақсаты: қала көшелерінде тазалықты сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.