You are here

TALIS-2018 негізгі зерттеуі бойынша облыстық және мектептік үйлестірушілерге арналған білім беру семинары өтті

Printer-friendly versionPDF version

2017 жылы 9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі АҚ «Ақпараттық-талдау орталығы» TALIS-2018 негізгі зерттеуі бойынша облыстық және мектептік үйлестірушілерге  арналған білім беру семинарын өткізді.

TALIS зерттеуі мұғалімдердің және мектептердегі білім беру ортасын, жұмыс қызметін бағалауға бағытталған халықаралық деңгейдегі ең үлкен масштабты зерттеу болып саналады. Қазақстан TALIS халықаралық зерттеуі мен оқытуда алғаш рет болып қатысады. Апробациялық зерттеу 2017 жылдың ақпан айында өткізілді, негізгі зерттеуді өткізу 2018 жылдың наурыз-сәуір айларына жоспарланып отыр. Зерттеуге 46 елдің мұғалімдері мен мектеп директорлары қатысады. Қазақстанда TALIS-2018 негізгі зерттеуіне 16 өңірден кездейсоқ таңдалған 331 мектеп қатысады. Зерттеудің нәтижелері 2019 жылы маусым айында ЭЫДҰ-да жарияланады.

Оқыту семинарына барлығы 16 білім беру басқармасы және 331 мектеп үйлестірушілері қатысты. Бұл зерттеуге қатысу арқылы мектеп директорлары мен мұғалімдері Қазақстан білім беру саясатының қалыптасуына үлкен үлесін қосады.