You are here

TALIS-2018 сынақтан өткізу зерттеуінің қатысушыларына арналған оқыту семинары

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ақпараттық-талдау орталығы" TALIS-2018 сынақтан өткізу зерттеуінің қатысушыларына арналған оқыту семинарын өткізді.

TALIS - ең кең ауқымды халықаралық зерттеу, ол мұғалімдердің қызметін, жұмыс шарттары және мектептегі оқу ортасын бағалауға бағдарланған. Қазақстан TALIS оқыту мен білім беруді халықаралық зерттеуге алғаш рет қатысды. Сынақтан өткізу зерттеуі 2017 жылғы ақпанда, негізгі зерттеу 2018 жылы өткізіледі. Зерттеуге әлемнің 47 мемлекетінің мектеп мұғалімдері мен диреторлары қатысады. Нәтижелер 2019 жылы жарияланады. 

Сынақтан өткізу зерттеуіне Астана қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кездесоқ ірітелген 30 мектебі қатысады.

Оқыту семинарының жұмысына жалпы 36 адам қатысты (облыстық және мектеп үйлестірушілері). Сынақтан өткізу зерттеуі Қазақстан Республикасында 2018 жылы өткізілетін негізгі зерттеуді сапалы жүзеге асыруға ықпал етеді.