You are here

TALIS-2018 ұлттық жоба менеджерлерінің екінші кездесуі

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 26-30 қыркүйекте Рим қаласында (Италия Республикасы) ЭЫДҰ TALIS зерттеуінің ұлттық жоба менеджерлерінің екінші кездесуі өтті. Іс-шараға 45-тен астам мемлекет қатысты. Қазақстанның атынан "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-тың Орта білім беруді дамыту департаментінің бас талдаушысы Диляра Ташибаева өкілдік етті.

Кездесудің негізгі мақсаты – апробациялық зерттеуді өткізуге дайындық және TALIS зерттеуін өткізуге арналған арнайы бағдарламалық қамсыздандыруды пайдалануға үйрету.

Кездесуде құралдарды пилоттаудың нәтижелері ұсынылды, мектеп директорлары мен мұғалімдерінің апробациялық зерттеуге арналған сауалнамаларға өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар жасалды. Сонымен қатар, ЭЫДҰ сарапшылары TALIS-2013 нәтижелері бойынша жаңа жариялымдар ұсынды және TALIS-2013 зерттеуге қатысушы елдердің білім беру саясатына ықпалына әсері туралы баяндады. 

Іс-шара барысында ЭЫДҰ, IEA Хатшылығы, IEA DPC (Data Processing and Research Center), Канада Статистика агенттігінің қызметкерлерімен, сонымен қатар зерттеуге қатысушы елдердің ұлттық үйлестірушілерімен басты байланыстар орнатылды.

2017 жылғы ақпанда өтетін TALIS апробациялық зерттеуін сапалы өткізу үшін маңызды роль атқарады. 

Қазақстанның ЭЫДҰ TALIS зерттеуіне қатысуы мұғалімдер туралы сенімді, халықаралық дәрежеде салыстырылатын деректер алуға және қазақстандық мұғалімдердің тиімділігі жоғары құрамын дамытуда жаңа басымдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.