You are here

TALIS оқыту және білім беруді халықаралық зерттеу Басқару кеңесінің 2-кездесуі

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 15-16 қыркүйекте ЭЫДҰ-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде TALIS оқыту және білім беруді халықаралық зерттеу Басқару кеңесінің 2-кездесуі өтті. Кездесуде TALIS-2018 әдіснамасын сынақтан өткізудің қорытындылары, өңдеу нәтижелері, сондай-ақ бұрынғы жоспарларды іске асыру мен TALIS-ті бұдан әрі жетілдірудің мәселелері талқыланды.

Зерттеу ықпалын арттырудың маңызды мүмкіндігі ретінде TALIS пен PISA-ның өзара әдіснамалық әрі операциялық синергиясы қаралды. 2018 жылы бұл екі ірі зерттеу айналымдарының алғаш рет тұспа-тұс келуі бұғаның басты себебі болды.

Зерттеудің тағы бір жаңалығы - қатысушы елдерге жаңа опцияның ұсынылуы. Ол - TALIS video study, яғни әртүрлі елдерде математика сабақтарының бейнешолуы. Сонымен қатар TALIS хатшылық қызметі:

- мұғалімдерді педагогикалық құзыреттілігі бойынша салыстыруды күшейту;

- зерттеудің біртұтас коммуникациялық стратегиясын құру мүмкіндіктері туралы жоспарларымен бөлісті.

Мәжілісте Қазақстан атынан «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ департаментінің директоры Елдос Нұрланов өкілдік етті.