You are here

Техникалық және кәсіби білім берудің 75 жылдығына арналған конференцияда Еуразиялық білім қорының және Ақпараттық-аналитикалық орталықтың ортақ жобасы ұсынылды

Printer-friendly versionPDF version

2 қазанда Халықаралық «Кадрларды даярлау жүйесін жаңарту: қазіргі жағдай және келешек» конференциясында ТжКБ дамыту департаменті Еуразиялық білім қорының зерттеуінің алдын-ала нәтижелерін ұсынды.

Қазақстан тәжірибесінде алғаш рет білім беру мен бизнес әрекеттестігі түрлерінің классификациясы әзірленді. Зерттеу Алматы, Павлодар және Қызылорда қалаларында жүргізілді. Классификацияның негізіне 1245 респондент - 44 колледждер мен жұмыс берушілердің түлектері, басшылығы, инженерлік-педагогикалық қызметкерлері қатысқан сауалнамалар мен сұхбаттар нәтижелері енді.

Зерттеудің маңызды қорытындысы колледждердің жұмыс берушілермен әрекеттестігі деңгейінің түлектердің жұмыспен қамтылуына және тұрақты жұмысының болуына тікелей ықпалына байланысты. 

Жоба аясындағы жұмыстың келесі сатысы 26-29 қазанда өтетін ЕБҚ және ААО сарапшыларының зерттеу қатысушыларын нәтижелермен таныстыру және ортақ ұсыныстарды беру үшін өңірлік семинарлар болады.