You are here

TIMSS-2015 нәтижелері – екі айдан аз уақыт қалды!

Printer-friendly versionPDF version

 

29 қараша – әлемнің білім беру қауымы көп күткен күн. Бұл күні IEA (Білім беру жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық) TIMSS-2015 нәтижелерін ресми түрде жариялайды.

4 және 8 сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын зерттеуге сәйкесінше 48 және 40 мемлекет қатысты. Қазақстан TIMSS зерттеуіне 3 рет қатарынан қатысты.

Халықаралық бенчмаркингтегі оқушылардың тікелей көрсеткіштерімен қатар, TIMSS мұғалімдердің өз мамандығына деген көз-қарасын, мектептердің материалдық-техникалық қаматамасыз етілуін, осы және оқушылардың алған білімінің сапасына ықпал ететін басқа да факторларды зерттейді.

Еске саламыз, 2007 жылы қазақстандық төртінші сынып оқушылары математикадан әлем бойынша 5-орынға, жаратылыстану ғылымдары бойынша 11-орынға ие болды. 2011 жылғы қорытындылар бойынша Қазақстан осы пәндерден сәйкесінше 27 және 32 орындарды иеленді, ал 8-сынып оқушылар математикадан 17-нәтижеге және жаратылыстану ғылымдары бойынша 20-нәтижеге қол жеткізді (http://iac.kz/ru/project/timss).

TIMSS нәтижелері қоғамда да, өте ресми білім беру орталарда да дәстүрлі түрде үлкен  жаңғырыққа ие болады. Халықаралық есептердің негізінде білім беру бағдарламаларының мазмұны өзгереді, орта білім беру жүйелерінің басымдылықтары белгіленеді.

Қазақстан да TIMSS-2015 нәтижелерінің шығуын күтуде. Бұл зерттеуге біздің 179 мектебіміз және тоғыз жарым мың оқушымыз қатысты.