You are here

TIMSS-2019 зерттеуінің ұлттық үйлестірушілеріне арналған үшінші кездесуі өтті

Printer-friendly versionPDF version

2017 жылдың 12-17 қарашасы аралығында «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Австралияның Мельбурн қаласында өткен TIMSS-2019 зерттеуінің ұлттық үйлестірушілеріне арналған (National Research Coordinator) үшінші кездесуіне қатысты.  
Іс-шара IEA білім жетістіктерін бағалайтын халықаралық қауымдастығының бірлестігімен ұйымдастырылды. Бірлестік TIMSS & PIRLS халықаралық зерттеу орталығы, IEA хатшылығы, канадалық статистика орталығы (Statistics Canada) және IEA Hamburg датаны өңдеу орталығынан тұрады.
Кездесудің күн тәртібі Қазақстан үшін өзекті мәселелерді қамтыды: алдағы TIMSS-2019 зерттеуінің тест тапсырмаларын  құрастыру мен талқылау, нұсқаулық материалдарын аудару және бейімдеу, қатысушылар іріктемесін жасау, сондай-ақ, ашық және жабық жауапты тест тапсырмаларын кодтау бойынша нұсқаулықты өңдеу.
Кездесу барысында қатысушыларға TIMSS-2019-ға қатысты жаңалықтар хабарланды. Халықаралық бірлестік кездесу қатысушыларына TIMSS-2019 зерттеуінің тест бағдарламасын, сондай-ақ, тест сұрақтары мен зерттеу нұсқаулықтарын аудару мен бейімдеу үшін арналған жаңа бағдарламасын таныстырды (IEA eAssessment Translation System). IEA зерттеудің 2023 жылы е-TIMSS компьютер форматына толықтай өтетіні жайлы мәлімдеді.