You are here

Турин процесі: Қазақстан

Printer-friendly versionPDF version

Year/Date: 08/06/2016 ETF

Турин процесінің төртінші кезеңінде Қазақстан 2017 халықаралық конференциясының қарсаңында баяндаманың жобасын әзірлеуде қатысушы елдердің алдында келе жатыр. Біз  ұлттық сарапшылар Алима және Динарамен ЕБҚ жұмыс кездесуі барысында кездесіп, сұхбат алдық. 

Сұрақ: Сіздер бұл аптада ЕБҚ-дасыз. Басты назарда не болды?

Біз әлемнің ТжКБ-нің үздік сарапшыларының бірінен кеңес алу үшін келдік. Қазақстан - елдік баяндаманың жобасын алғашқы болып аяқтап жатқан ЕБҚ серіктес елдерінің бірі. Біздің мақсатымыз: кеңес алу, біздің Турин процесі жобасы жөніндегі жұмысымызды жетілдіру және аяқтау. 

Сұрақ: Сіздер 2015 жылы ЕБҚ-ға келгенсіздер, қандай жаңа ақпарат алдыңыздар?

Кездесу бізге ТжКБ-нің әлемдік деңгейдегі сарапшыларымен бір-бірімізді түсінуге, сонымен қатар баяндаманы дайындап жатқан біздің ұлттық командамыздың әлеуетін жоғарылатуға көмектесті.

Сұрақ: Турин процесінен кейін ТжКБ-де қандай өзгерістер болды?

Бізде Турин процесіне жоғары деңгейде саяси қолдау көрсетіледі. ТжКБ ұйымдарында кәсіпкерлік дағдыларға оқыту енгізілуде. Сонымен қатар, жұмыс берушілермен серіктес қарым-қатынастарды дамытуға ерекше назар аударылады. 

Q. Турин процесі ұлттық үйлестірушілерінің ақпанда өткен кездесуінде Қазақстан алдына анағұрлым көп мүдделі тараптарды тарту мақсатын қойды. Бұл процесс қалай жүріп жатыр?

Кездесудің қорытындылары бойынша біз мүдделі тараптармен, соның ішінде ҒКҰ, колледждермен, министрліктермен және т.б. жұмыс тобын құрдық. Қандай мүдделі тараптар қандай деректерге жауапты болатыны келісілді, олар сол деректерді қазір жинап жатыр. Бұл тұрғыда жұмыс тобы бізге есепті әзірлеу процесін жеделтуге көмектесіп жатыр. 

Q. Сіздер бұл аптада Ресей, Украина, Тәджікстан, Қырғыз Республикасы, Молдова және Израильмен онлайн кездесуді өткізуге көмектестіңіздер. ЕБҚ серіктес елдерге қандай алғышарттар айтар едіңіз?

Есеп жазуды бастау және оны өз бетінше жасау керек. Жауапкершілік міндетін алу ұлттық құраманың күшті әрі әлсіз жақтарын, олқылықтар мен үрдістерін анықтауға көмектеседі; баяндаманы әзірлеу процесін жалғастыруға түрткі болады. Ең бастысы – стейхолдерлерді тартуды ұмытпау, бұл өте маңызды.