You are here

Турин процесі жобасының шеңберінде ақпараттық-талдау орталығының зерттеу тобы Еуропалық білім беру қорында болып қайтты (Турин, Италия)

Printer-friendly versionPDF version

5-9 қазан аралығында Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту департаментінің зерттеу тобы Еуропалық білім беру қорының (ЕБҚ) штаб-пәтерінде болды. 2016 жылдан бастап Ақпараттық-талдау орталығының жоба қызметкерлері Туриндік процесс бойынша жылдық есеп дайындайды. Сондықтан кездесу барысында зерттеудің барлық сатысын жүзеге асыру бойынша кеңестер берілді. Оның ішінде деректерді жинау мен талдау, мүдделі тараптармен консультациялық жұмыстар жүргізу және де жылдық есепті дайындау сияқты мәселелер қозғалды.

Жұмыс жоспарының бір бөлігі Еуро Одаққа кандидат елдер (Албания, Сербия, Македония, Турция, Черногория) үшін реформаларды жүзеге асыру мен оларға талдау жасау тәжірибелеріне арналды. Сонымен қатар, ЕБҚ сарапшылары реформаларды бағалау мен мониторингте қолданылатын тиімді талдау құралдармен бөлісті.

Кездесу барысында Ақпараттық-талдау орталығы қолдауымен өтіп жатқан «Қазақстандағы білім беру және бизнес» жобасының болашағы да талқыланды.