You are here

Туриндік процесс-2016 бойынша зерттеу жаңа форматта жүргізілетін болады

Printer-friendly versionPDF version

30 қазан күні Туриндік процесс-2016 бойынша дөңгелек үстел өткізу барысында жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобының мүшелері ТжКБ саласындағы саясатқа талдау жасауды интерактивті түрде жүргізетін болады. Кездесуге Еуропалық Білім беру қорының (ЕБҚ) өкілі Кристин Хемшимайер қатысты. ЕБҚ Еуропалық одақ (ЕО) елдері, ЕО серіктес елдері және Орта Азия елдерінде зерттеулерді жүргізеді.

Отырыстың қатысушылары арасында ҚР БҒМ Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Техникалық әріптестік жөнінде Германдық Қоғамы (GIZ),  «Кәсіпқор» холдингі, Дүниежүзілік банк, ТжКБ дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы, Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік, Аккредитация және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттігі және Астана қаласы колледждерінің қызметкерлері болды.

Туриндік процестің мақсаты – қолайлы әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін ТжКБ саласында тиімді саясатты әзірлеуде елдерге қолдау көрсету болып табылады.

2016 жылы Ақпараттық-талдау орталығы алғаш рет осындай беделді зерттеудің операторы болып тағайындалды.