You are here

Туриндік процесс 2016: зерттеу сарапшыларының кездесуі

Printer-friendly versionPDF version

2016 жылғы 10 және 11 ақпанда Турин қаласында (Италия) Европа білім қоры (ЕБҚ) "Туриндік процесс 2016" зерттеу сарапшыларына арналған алғашқы жұмыс кездесуі мен семинарды өткізілді.  

2016 жылғы Турин процессінің Ұлттық үйлестірушісі болып алғашқы рет Ақпараттық-талдау орталығы (АТО) тағайындалды.  АТО Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту департаменті Қазақстанның 2 жылдық елдік есебін әзірлейді. Бұл ақпарат ЕБҚ сайтында жарияланады, аймақтық және еларалық есептерге кіреді. Туриндік процесс зерттеуінің нәтижелері бойынша еуропалық сарапшылар Қазақстандағы ТжКБ дамыту тиімділігін бағалайды, оны әрі қарай дамыту бойынша ұсынымдар дайындайды.  

Кездесуге Қазақстан атынан ҚР БҒМ кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаментінің директоры Д.Ж.Каленова және АТО ТжКБ дамыту департаментінің бас талдаушысы Е.В.Зигангирова қатысты.

Семинар қатысушылары 2016 жылы зерттеуді өткізу тәсілдеріне енгізілген өзгерістермен танысты. Кездесуде жобаны іске асыру процессінде ЕБҚ ынтымақтастық және қолдау мәселелері талқыланды. Ұлттық үйлестірушілердің ЕБҚ елдік департаментінің қызметкерлерімен әр елде Туриндік процессті іске асыру кезеңдерін, жалпы және аймақтық - Орталық Азия үшін - көрсеткіштер мен ұсынымдарды талқылау бойынша екіжақты кездесулер ұйымдастырылды