You are here

Туриндік процесс-2016 зерттеуі бойынша Қазақстанның нәтижелерін ресми түрде ұсынылды

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 18 қарашада Ақпараттық-талдау орталығының жоба тобы Туриндік процестің ұлттық үйлестірушісі ретінде зерттеудің Қазақстан бойынша нәтижелерін ұсынды.

Еуропа Білім қоры (ЕБҚ) рәсіміне сәйкес Туриндік-процесс-2016 қорытынды іс-шарасына еуропалық сарапшылар – Габриэль Раду (өңірлік үйлестіруші, Ұлттық ТжКБ дамыту орталығы, Румыния),  Курт Шмид (аға жоба менеджері, ТжКБ қолданбалы ғылымдар орталығы, Австрия) және Кристин Хемшимайер (ЕБҚ аға маманы) қатысты .

Қазақстан – ТжКБ жүйесі дамуының  еуропалық критерийлер негізінде 2 жылдық талдауын өз бетінше жасаған Орталық-Азия өңіріндегі жалғыз мемлекет.

Есептің басты қорытындысы - Қазақстанның ТжКБ жүйесі жастарды қоғамға интеграциялау құралы ретінде жұмыс істейді.

Есептің қорытындыларын кездесуде "Атамекен" ҰКП, "Кәсіпқор" Холдингі, колледждер, аккредиттеу агенттіктері, "РҒӘО" АҚ, халықаралық ұйымдардың өкілдері талқылады.

Зерттеуде ТжКБ жүйесінің басты мәселелері ұсынылды, оларды шешудің тәжірибелік ұсыныстары әзірленді. 

Курт Шмид және Габриэль Раду Астана қаласындағы 15 колледждің мұғалімдеріне семинар-тренинг өткізді.