You are here

Туриндік процесс зерттеуінің алдын-ала нәтижелері талқыланды

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 23 тамызда "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ ("АТО" АҚ) базасында Еуропалық Білім Қорының (ЕБҚ) бас маманы - елдік менеджері Кристин Хемшимайердің қатысуымен "Туриндік процесс 2016" ұлттық баяндаманы талқылау жөніндегі жұмыс кездесуі өтті. 

"АТО" АҚ президенті С.Ә.Ырсалиев жұмыс кездесуінің қатысушыларына алғы сөз айтты. "АТО" АҚ жобалық тобы осы жылы алғаш рет Қазақстанның Туриндік процесс бойынша ұлттық баяндамасын әзірледі. ТжКБ жүйесінің негізгі жетістіктерін, 2014 жылдан бергі мәселелерін және дамуы бойынша ұсыныстарын Кристин Хемшимайер және "АТО" АҚ ТжКБДД  директоры А.Ибрашева ұсынды. 

Кездесуде Туриндік процесс жөніндегі қазақстандық жұмыс тобының мүшелері - ҚР БҒМ Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаментінің, ҚР ДСӘҚМ "Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" АҚ, "Атамекен" ҰКП, "Кәсіпқор" Холдингінің, Республикалық ТжКБ дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығының, Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігінің, Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігінің қызметкерлері және Астана қаласы колледждерінің өкілдері болды. 

Жұмыс кездесуінің қатысушылары ұлттық баяндаманың жобасын талқылады және  "АТО" АҚ-ға кездесудің нәтижелерін ескерумен "Туриндік процесс 2016" ұлттық баяндаманың валидация процесін бастауды ұсынды. 

14-16 қыркүйекте Бішкек қаласында Орталық-Азия өңірі елдерінің елдік есептерінің талдауы өтеді.  

Ағыдағы жылғы қарашада Румыния және Австрия сарапшыларының қатысуымен Туриндік процесс 2016 талқылау бойынша қорытынды кездесуді өткізу жоспарланып отыр, бұнда соңғы қорытындылар мен ұсыныстар қабылданады. Барлық елдердің есептері дәстүрлі түрде келесі жылы жазда жарияланады. 

Есептің презентациясын мында жүктеп алуға болады.