You are here

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКАНЫ ДАМЫТУ КЕЛЕШЕГІ ТУРАЛЫ ӨҢІРЛІК СЕМИНАР

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылдың 30 қазан күні «АТО» АҚ конференц-залында тәжірибе алмасу және ұлттық статистиканы дамыту келешегі туралы өңірлік семинар өтті.

Білім берудің статистикалық көрсеткіштері ұлттық жүйесінің халықаралық көрсеткіштерге сәйкестігі туралы сұрақтарды Тәжікстан Білім беру министрлігінің статистика бөлімінің меңгерушісі А. К. Гуглов, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің бас эксперті Ж.А.Айдарбекова, ҚР БҒМ құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, өңірлік білім бері бөлімдерінің және Астана қаласының жоғары оқу орындарының өкілдері талқылады.

Тәжікістан өкілі А.К.Гугловтың баяндамасында ұлттық білім беру статистиканың қалыптасу кезеңдері, ұлттық білім беру базасының мүмкіндіктері қарастырылды.

Ж.А. Айдарбекова Қазақстандағы мемлекеттік статистиканың қалыптасу жүйесі және ведомствоаралық әрекеттестік туралы сөйледі.

«АТО» АҚ вице-президенті А.Ж.Күлтуманованың сөзінде Қазақстан білім беру статистикасының тәжірибесі мен келешегі баяндалған.

Сындарлы талқылау кезінде республиканың Ұлттық білім беру дерекқорының және Тәжікстан білім берудің ақпараттық жүйесінің ұқсастығы табылды.

Семинардың нәтижесінде ведомстволық статистиканы жинау үдерісін жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірленді және даму мүмкіндіктері айқындалды.