You are here

ТжКБ деректерін жинау және талдау - басты назарда

Printer-friendly versionPDF version

 

Тамыз кеңесін өткізу шеңберінде 18 тамызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті және "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ Техникалық және кәсіптік білімді дамыту департаменті семинар-мәжілісті өткізді. 

Мәжіліске 16 өңірлік білім басқармаларының ТжКБ бөлімдерінің бастықтары шақырылды. Ұлттық және ведостволық деректер қорына деректерді жинаудың ағымдық мәселелері туралы сөз қозғалды. 

Семинарда Еуропалық білім қорының ТжКБ саясаты және жүйелері жөніндегі бас маман  Кристин Хемшимайер және АТО білім беру статистикасы департаменті директорының орынбасары Мираим Атанаева сөз сөйледі. 

ЕБҚ –  Туриндік процес шеңберінде зерттеу өткізу бойынша Ақпараттық-талдау орталығының серіктесі. Қазіргі уақытта ЕБҚ мен АТО командасы бірлесіп Туриндік процесс бойынша Ұлттық есепті жазуды аяқтауда.

К.Хемшимайер ТжКБ мұғалімдерінің кәсіби даму жүйесін талдаудың нәтижелерін мәжілісте ұсынды.