You are here

Ұлттық білім беру деректер базасы ақпараттық жүйесінде 18 000 астам мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, жалпы орта, техникалық кәсіптік білім беру ұйымдары тіркелген

Printer-friendly versionPDF version

Ұлттық білім беру деректер қоры (бұдан әрі - ҰБДҚ) ақпараттық жүйесінде 18 000-нан астам мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, жалпы орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары тіркелген.

16 өңірдің Білім беру басқармалары а. ж. 5 қыркүйегіндегі жағдай бойынша білім беру көрсеткіштерінің статистикалық деректерін енгізуді а.ж. 10 қазанында аяқтады.  Ақмола облысының Білім беру басқармасының ҰБДҚ-ны 100% сапалық түрде толтырғаны белгіленді.

АТО қызметкерлері тәжірибелік консультациялық қолдауды орындарда көрсетті. Білім беру статистикасы департаментінің қызметкерлері білім берудің бастапқы ұйымдарымен, өңірлік/қалалық бөлімдермен және Білім беру басқармаларымен жұмыс істеді.

Нәтижелер 20 қазан күні «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰБДҚ операторы), Астана қ., Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Білім беру басқармалары және Алматы қ., Ақмола және Павлодар облыстарының Ақпараттық технологиялар орталықтарының қатысумен өткен ҚР БҒМ-нің Статистика және жиынтық талдау комиссиясының отырысында қаралды.

ҰБДҚ-ны оның техникалық қызметтері және статистикалық деректерді респонденттер енгізген кезде үздіксіз жұмысы бөлігінде әрі қарай жетілдіру туралы сындарлы талқылау орын алды. Өңірлер респонденттер үшін білім деңгейлері бойынша ҰБДҚ-ні толтыруға берілген мерзімді шектеу туралы ұсыныстарды, сондай-ақ кейбір статистикалық деректердің әдістемесі бойынша нақтылау сұрақтарын ұсынды.

Қазіргі уақытта «ҰАТ» АҚ және «АТО» АҚ ел деңгейінде статистикалық деректерді жинау жұмысын бастауда. Білім берудің әр деңгейі бойынша статистикалық жинақтар а.ж. қараша айында барлық мүдделі тараптарға қолжетімді болады.