You are here

Ұлттық білім беру статистикасы

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 17-18 тамызда Ақпараттық-талдау орталығы педагогика мамандарының Республикалық тамыз кеңесі панельдік сессиясының жұмысына қатысты.

Облыстар, Астана және Алматы қалалары «Ұлттық білім беру деректер қоры» (ҰБДҚ) ақпараттық жүйесін сүйемелдеуге жауапты тұлғаларының, өңірлік ақпараттық технологиялары директорларының, білім беру ұйымдары басшыларының  қатысуымен ведомствалық статистиканы жинаудың өзекті мәселелері талқыланды. ҰБДҚ-ға деректерді сапалы енгізу қажеттілігі белгіленді (тәрбиеленушілердің, білім алушылардың және мұғалімдердің ЖСН, білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы, құрылтай құжаттары және т.б.). Сессия қатысушыларына ҰБДҚ-дағы білім беру ұйымдары төлқұжаттарының жаңа көрсеткіштері ұсынылды.

Сессия жұмысы барысында Сандық білім беру ресурстарын, «Күнделік» бірыңғай желісін және BILIM LAND платформасын енгізу мәселелері де талқыланды.