You are here

«Ұлттық білім беру статистикасы жүйесі және халықаралық даму көрсеткіштері» ҚР БҒМ-нің кеңейтілген секциялық мәжілісі өтті

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 30 маусымда Астана қаласында «Ұлттық білім беру статистикасы жүйесі және халықаралық даму көрсеткіштері» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген секциялық мәжілісі өтті.

Білім беру статистика сұрақтарын талқылау жаңа Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2030 жылға дейінгі әлемнің 193 елімен қабылданған 17 Тұрақты Даму Мақсаттары себепші болды. Ұлттық білім беру статистикасына енетін «Сапалы білім беру» 42 жаңа мақсатты индикаторлар 4 Жаһандық Мақсаттар талқыланды.

Мәжіліс барысында Ұлттық білім беру мәліметтер базасының ақпараттық жүйесіне ведомстволық статистиканы жинау үшін әдістемелік және техникалық қолдау мәселелері талқыланды. Білім беру статистика мәліметтерін қалыптастыру бойынша өңірлік тәжірибесімен Ақмола облысы бөлісті. Секция қатысушылары, сондай-ақ білім беру әкімшілік есепті оңтайландырудың өзекті сұрақтарын қарастырды.

Секциялық мәжіліс ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ ұйымдастырылды. Мәжіліс жұмысына мемлекеттік ұйымдар, халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ өкілдері, Білім саласындағы бақылау жөніндегі департаменттер және Астана, Алматы ққ. Облыстық білім басқармаларының басшылары қатысты.