You are here

"Үш тілде білім беру: ұлттық және халықаралық тәжірибе" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 23-24 қарашада Астана қаласында ҚР БҒМ "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-ның ұйымдастыруымен "Үш тілде білім беру: ұлттық және халықаралық тәжірибе" ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты: ҚР мектептерінде және мамандарды даярлайтын ЖОО-да үш тілде білім беруді кезең-кезеңімен іске асырудың отандық және халықаралық тәжірибесін талқылау.

Алғысөздерімен конференцияны ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ж.А. Жонтаева, "АТО" АҚ президенті С.Ә. Ырсалиев және ҚР-дағы Британдық кеңестің ағылшын тілі бағдарламасының директоры Нассер Амери ашты.

Конференцияның бірінші күнінде Питер Мехисто (Ұлыбритания), Фред Дженеси (Канада), Хьюго Бэетенс-Бердсмор (Бельгия), Уильям Фиерман (АҚШ), Анвэй Фэнг (Қытай), Кэтлин Хью (Австралия) және Элит Олштейн (Израиль) сияқты әлемде үш тілде білім беруді іске асыру мәселелері жөніндегі үздік шетелдік сарапшылардың негізгі баяндамалары ұсынылды. Барлық сарапшылар - құрметті профессорлар, көптілді білім беру саласының сарапшылар, көптеген кітаптардың, мақалалардың және осы салада жазылған кітаптардың авторлары. Көптеген жылдар бойын Питер Мехисто, Фред Дженеси және Уильям Фиерман Орталық Азия мемлекеттерінің, соның ішінде Қазақстанның тіл мәселелерін зерттеп келеді.

Конференция барысында үш тілде білім беру контекстінде отандық және халықаралық тәжірибені және зерттеуді талқылауға арналған секциялық отырыстар өткізілді. Қатысушылар үш тілде білім беруді ұйымдастыру, үш тілде білім берудің үлгілері, ЖОО-да педагог мамандарды даярлауды ұйымдастыру, оқуда қиындықтары бар балалардың қажеттіліктері, сыныптық-сабақтық тәжірибеге ықпал ететін әлеуметтік-лингвистикалық факторлар, заманауи көптілді білім беруде «translanguaging» тәсілінің рольдері мен оны пайдалану, пәндік-тілдік оқыту мәселелері жөніндегі тәжірибелік семинарларға қатысуға мүмкіндік алды.

Конференцияның шеңберінде барлығы 16 тәжірибелік семинар және 8 секциялық отырыс өткізілді, білім беру саласындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылардың 100 астам баяндамасы тындалды.

Конференцияның жұмысына 300 астам адам,  соның ішінде ҚР БҒМ және ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, ЖОО және мектептердің басшылары мен оқытушылары( қалалық, ауылдық және ШЖМ), сонымен қатар студенттер, магистранттар және докторанттар, зерттеушілер және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Конференцияның аяғында қатысушыларға іс-шараға қатысқаны, баяндама жасағаны және тәжірибелік семинарда оқытқаны үшін сертификаттар табысталды.

Конференцияның нәтижелері бойынша ҚР ЖОО және мектептерінде үш тілде білім беру бағдарламаларын бұдан әрі дамыту үшін ҚР Білім және ғылым министрлігіне қорытынды ұсыныстар жасалды.

Барлық презентации жақын арада www.iac.kz сайтында жарияланады.