You are here

Венчурлік капитал – инновацияларды дамытудағы тікелей инвестициялар

Printer-friendly versionPDF version
2016 жылғы 20 қаңтарда «Ақпараттық-қолдау орталығы» АҚ қолдауымен «Инновациялық саясатты іске асыру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы бойынша жұмыс тобының бесінші отырысы өтті. Кездесу барысында ЭЫДҰ сарапшысы Джон Маршалл (Онтарио провинциясының Экономикалық даму, сауда және жұмыспен қамту министрі орынбасарының кеңесшісі және Ontario Capital Growth Corporation (OCGC) бас директоры) қатысуымен «Мемлекеттік қаржыландырумен Венчурлық капитал және тәуекелдерді бағалау» атты семинар ұйымдастырылды.
Еуразия бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы бойынша ЭЫДҰ-дан семинарға ЭЫДҰ жоба менеджері Жан-Франсуа Лянжеле, ЭЫДҰ жобасының үйлестірушілері Ваутер Меистер және Мигель Кастро, саяси талдаушы, ЭЫДҰ экономисті Тиерра МакМахон қатысты.
Қазақстан жағынан семинарда ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі, мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы,  Ғылым қоры, Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттік, Экономикалық зерттеулер институты, NADLoC, Даму, Тәуекел инвестиция Акционерлік инвестициялық қоры «Парасат» акционерлік қоғамдарының, «Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы» ЖШС, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдау орталығының және т.б. өкілдері болды. 
Джон Маршалл «Венчурлік капиталдың табысты нарығын құру», «Тәуекелге жүйелі антипатияны еңсеру жөніндегі стратегияларды дамыту», «Венчурлік капиталды халықаралық нарықтармен байланыс орнату, жобаларды дамытуды қолдау және венчурлық капитал нарығының жеке ойыншыларымен ынтымақтастық жасасу» атты баяндамаларды ұсынды. 
Осылайша, cпикер OCGC құру және оны басқару құрылымы туралы тәжірибесімен бөлісті. OCGC үш венчурлік қорлардың – венчурлік капиталды тартудағы мәселелерді шешу үшін құрылған Онтарио жаңа технологиялар қоры (OETF), өсу қарқыны жоғары инновациялық компанияларды қолдау үшін құрылған Онтарио Венчурлік қоры (OVCF) және Канададағы неғұрлым перспективалық бағыттарды қолдау үшін құрылған Northleaf (NVCF) катализатор венчурлік қоры үлестерін басқарады. Сол кезде Канада нарығын дамытуға кедергі болған қиындықтарды, қажыландыру тапшылығымен күресу, сұраныс пен ұсыныс арасындағы балансты ұстау жөніндегі іс-шараларды атап өтті.  Оның айтуы бойынша, Венчурлік капитал дамыту тәжірибесі OCGC-ке қордың қаражатын бөлуде көбірек тәуелсіздік беруді көздеді.  Яғни қаражатты қалай бөлген жақсы болатынын Үкімет емес, қордың бас директоры шешетін еді. Сондай-ақ, ол венчурлық капитал дамытуда Қазақстанның жоғары әлеуетін атап өтті. Семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарға жауап берді және олардың ұсыныстарын қызығушылықпен тыңдады. 
Отырысқа қатысушылардың пікірінше, семинар өте жемісті әрі қызықты болды. ЭЫДҰ сарапшылары "АТО" АҚ және барлық қатысушыларға ашық диалогтары үшін алғыс айтты.