You are here

ЖАНЫҢ ҮЙРЕНГЕНДЕ ҚИНАЛСАҢ, ЖАУЫҢ КҮЙРЕГЕНДЕ ҚУАНАСЫҢ!

Printer-friendly versionPDF version

 

2015 жылғы 2-3 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ PISA-2015, TIMSS-2015 және PIRLS-2016 апробациясы халықаралық зерттеулердің қатысушыларына білім беру семинарын өткізді.

Семинар жұмысына барлығы 705 адам қатысты (облыстық және мектеп координаторлары, білім мекемелерінің басшылары).

PISA (Programme for International Student Assessment) – 15 жастағы білім алушылардың математикалық, табиғи-ғылымын және оқырмандардың сауаттылығын бағалау. Зерттеу 2000 жылдан ОЭР 3 жылдық кезеңмен өткізіледі. Қазақстан PISA-2009 и PISA-2012 екі жобаға қатысқан тәжірибесі бар.

PISA-2009

Қазақстанды PISA-2015-те 232 орта білім беру мекемелері мен 16 НЗМ 8 261 15-жастағы білім алушы ұсынады.

TIMSS (Trends in International Mathematics and Science Study) – 4 және 8 класстардағы оқушылардың математикалық және табиғи-ғылым білімінің сапасын бағалау. 1995 жылдан 4-жылдық кезеңмен өткізіледі.

TIMSS-2011 қазақстандық төртінші сыныптағы оқушылардың орташа балы математикалық сауаттылығы бойынша - 501 және табиғи-ғылым құзіреттілігі бойынша -495 (1000 балдық жүйе бойынша). Сегізінші сыныптағы оқушылар – 487, табиғи-ғылым бойынша – 490 балл жинады.

TIMSS-2015-ке елдің барлық өңірлеріндегі 179 мектептен 9 890 қазақстандық оқушы қатысады (4-сынып – 4 852 адам, 8-сынып – 5 038 адам).

PIRLS халықаралық зеттеу (Progress in International Reading Literacy Study) төменгі сыныптағы оқушылардың әртүрлі форматтағы мәтіндерді оқу дағдыларын қалыптастыру деңгейін анықтауға бағытталған.

Аталған зерттеуде Қазақстан бірінші рет қатысатын болады. PIRLS апробациясында 2016 жылы 14 өңірден 4 сыныпта оқитын 1412 оқушы қатысады. (Қарағанды обл. және Астана қ. ерекшелеп алғанда).

Қазақстанның PISA, TIMSS және PIRLS қатысуының мақсаттары:

• Қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігінің тәуелсіз халықаралық бағасы;

• Жаңа білім алу мақсатында білім сапасының тиімділік өлшемінің бағасы ;

• Білім беру жүйесіндегі әлемдік көшбасшыларының үздік тәжірибелерін пайдалану.