You are here

«Жоғары білім беру саласындағы саясатқа шолу жасау» жобасы бойынша ЭЫДҰ-ның алдын ала сапары

Printer-friendly versionPDF version

28-30-шы қыркүйек аралығында Ақпараттық-талдау орталығына Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Білім және дағды директоратының қызметкерлері Эндрю Маккуин мен Дарья Ярчевска іс-сапармен келді. Сапар барысында ЭЫДҰ өкілдері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Білім және ғылым министрлігіне бағынысты ұйымдар, жоғары оқу орындар (ЖОО-дар) мен Назарбаев университетінің өкілдерімен кездесулерге қатысты.

Алдын ала сапар ЭЫДҰ жобаларын іске асыру практикасына сәйкес 5 кезеңдерінің бірі болып саналады. Бірінші кезеңде Ақпараттық-талдау орталығының Жоғары білімді дамыту департаменті Қазақстан жоғары білім жүйесінің ахуалы бойынша базалық есепті дайындады.

Кездесу барысында жоғары білімнің қолжетімділігі, басқарылуы, қаржыландыруы, сапаны қамтамасыз етуі, интернационалдандыруы, білім, ғылым және инновация біріктіруді дамыту мәселелері бойынша ашық талқылаулар жүргізілді. Жоғары білім беру жүйесінің еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестік мәселесіне де ерекше назар аударылды. ЭЫДҰ-ның өкілдерін Қазақстанда жүргізіліп жатқан және жоспарланған реформалар туралы ынталандырды.

Кездесу барысында ЭЫДҰ-ның сарапшыларының қатысуымен өтетін ағымдағы жылғы қараша-желтоқсанда өткізілетін далалық зерттеулер форматы анықталды. Далалық зерттеулер шенберінде мемлекеттік органдар, әрі Қазақстанның 5 аймағындағы ЖОО-дар, жұмыс берушілер, студенттер өкілдерімен кездесулер өткізу жоспарлануда.

Базалық есеп негізінде және сапарлар қорытындысы бойынша ЭЫДҰ-ның сарапшылары елдік шолу жасайды. Шолу жоғару білім жүйесінің ұзақ мерзімді сценариін дамыту жайлы ұсынымдары 2016 жылы жарияланатын болады. 2016 жылдың күзінде ЭЫДҰ-ның сарапшыларының қатысуымен зерттеудің негізгі қортындылары ресми түрінде ұсынылатын болады.