You are here

ЖОО-дағы қаржылық және кадрлық менеджменттің заманауи құралдары" атты тақырыпта семинар-тренинг

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 23 қарашада "Тұран" Университетінің базасында "ЖОО-дағы қаржылық және кадрлық менеджменттің заманауи құралдары" атты тақырыпта семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингтің жұмысына Алматы қаласы ЖОО өкілдері, соның ішінде академиялық мәселелер жөніндегі проректорлар мен департаменттердің директорлары қатысты.

"Тұран" Университетінің директоры Рахман Алшанов өз алғысөзінде барлық қатысушыларды қошаметтеп, осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Семинар-тренингтің спикері болып М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, жобаның ұлттық сарапшысы Өмірбаев Серік Мауленұлы сөз сөйледі. Семинардың бірінші бөлімінде қатысушыларға қаржы көздерін анықтау және тартудың шетелдік тәжірибесі туралы өзекті ақпарат берілді. Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар топтар бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Семинар-тренингтің екінші спикері болып ҚР БҒМ "АТО" АҚ Жоғары білімді дамыту департаменті директорының орынбасары Дана Абдрашева баяндама жасады. Қорытынды бөлімде іс-шараның қорытындылары жасалды. 

Қазір Орталық сарапшылармен бірге ЖОО қаржылық және кадрлық дебестігін кезең-кезеңмен кеңейту процесін әдістемелік және сараптамалық сүйемелдеуге арналған қолданбалы пакетті әзірлеуді аяқтап жатқанын атап өткен жөн.