You are here

ЖОО дербестігін кеңейтудің институционалдық басқаруға, құрылымға және бизнес-процестерге ықпалы

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 11 қарашада "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ базасында "ЖОО дербестігін кеңейтудің институционалдық басқаруға, құрылымға және бизнес-процестерге ықпалы" атты тақырыпта семинар-тренинг өтті. Семинар "ЖОО басқарудың икемді нысанын енгізуді бағалау және монторинг жасау" жобасы шеңберінде өткізілді.

Семинар-тренингтің жұмысына Астана қаласының ЖОО өкілдері, соның ішінде академиялық мәселелер жөніндегі проректорлар мен департамент директорлары қатысты. 

"Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ Президенті Серік Ырсалиев өз алғысөзінде QS университеттердің әлемдік рейтингігінің топ-100 кірген 96 ЖОО-да жоғары білімді басқару орталықтандырылмағанын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық ЖОО-да автономияны кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Алайда, дамыған елдердің, соның ішінде ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштеріне жету үшін ЖОО-ға әлі де көп жұмыс жасау керек.

Орталық Еуропалық Университеттің (Венгрия) академиялық мәселелері жөніндегі проректор, ЮНЕСКО жоғары білім беру саласының, Еуропа Кеңесінің, Еуропа Одағының Комиссиясы, ЕҚЫҰ (ОБСЕ), Дүниежүзілік банктің халықаралық сарапшысы Ливью Матей семинар-тренингтің спикері болды. Семинардың бірінші бөлімінде қатысушыларға автономия жағдайында институционалдық басқару және бизнес-процестерді басқарудың  шетелдік тәжірибесінің әдістері туралы өзекті ақпарат ұсынылды. Қорытынды бөлімде қатысушылар топтар бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындады.  

Қазір Орталық сарапшылармен бірге ЖОО дербестігін кезең-кезеңмен кеңейту процесін әдістемелік және сарапшылық қолдау үшін қолданбалы пакетті әзірлеу жұмысын аяқтап жатқанын атап өткен жөн.