Skip to main content
  • ҚР Президентінің Сайты
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайты
  • Стратегия 2050 сайты
Информационно-Аналитический центр logo
Информационно-аналитический центр
Факты, исследования и идеи в образовании
  • Қаз
  • Рус
  • Eng

Search form

Жаңалықтарға жазылу

  • 13:48
  • 16 12 2019
 
  • Орталық туралы
    • Орталық туралы
    • Басқару
    • Корпоративті басқару
    • Нормативтік-құқықтық актілер
    • Орталық мекен-жайы
    • Біздің сарапшылар
    • Кері байланыс
    • Сатып алулар
    • Бос орындары
  • Жаңалықтар
    • ЭЫДҰ
    • Дайджест
    • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
    • Орта білім
    • Техникалық және кәсіптік білім
    • Жоғары білім
    • Бағдарламалық құжаттар мониторингі
    • Бiлім беру статистикасы
    • Халықаралық салыстырмалы зерттеулер
  • Жобалар
    • Анкета конкурса лучший педагог вуза
    • PIAAC
    • TALIS
    • TIMSS
    • ICILS
    • PIRLS
    • Ұлттық баяндама
    • ҰБДҚ
    • Жобалар мұрағаты
    • PISA
  • Аналитика
  • Жариялымдар
    • Инфографика
  • Медиа

You are here

Home » События » ЭЫДҰ

Зияткерлік меншік жүйесіне (ЗМЖ) шолу дайындау

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылдың 28 тамызында Зияткерлік меншік жүйесіне (ЗМЖ) шолу дайындау үшін 2015 жылғы 24 тамызынан бастап 28 тамызға дейін Қазақстанға жұмыс сапарымен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) делегациясы келген еді. Іс-шара «Қазақстанда инновациялық саясатты оңтайландыру есебінен бәсекеге қабілеттілікті арттыру» жобасы шеңберінде өтті.

Атап өту керек, мұндай шолулар ЭЫДҰ-мен түрлі дамушы және дамыған елдер үшін күні бұрын әзірленген болатын.

Қазақстандағы Зияткерлік Меншік Жүйесіне Шолуды дайындау ҚР Үкіметінің сұранысы бойынша басталды. Шолуды дайындаудың мақсаты Қазақстандағы зияткерлік меншіктің ұлттық жүйесін жетілдіру есебінен инновациялық іс-әрекеттің нәтижелігіне ықпал ету арқылы елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар кешенін әзірлеу болып табылады. Зерттеу терең талдауға негізделеді және де осы саладағы «үздік тәжірибеге» негізделген ұсынымдарды қамтитын болады. Делегацияның құрамына доктор Кэролайн Паунов (ЭЫДҰ аға экономисті, Париж, Франция), доктор Хосе Раймонд де Рос (ЭЫДҰ кеңесшісі, Мадридтегі Дербес университетінің доценті, Испания), Евгений Моисейчев (ЭЫДҰ Ынтымақтастық орталығының талдаушысы – ЖЭМ, Ұлттық зерттеу университеті Жоғары экономика мектебі (ҰЗУ ЖЭМ, Мәскеу, Ресей) және Чэнь Чжао (ЭЫДҰ кеңесшісі, Париж, Франция) кірді.

Жұмыс сапары аясында ЭЫДҰ өкілдері ҚР БҒМ Ғылым комитеті, «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ өкілдерімен кездесті. Бұдан басқа, ҚР ӘМ, «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Қазақ Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» АҚ, «Атамекен» ҰКП, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ, Жоғарғы сот және «Назарбаев Университеті» қызметкерлерімен де кездесулер өтті.

Кездесу барысында жоба бойынша бірқатар мәселелер көтерілді. ЭЫДҰ сарапшыларымен «Коммерцияландыру туралы» Заң жобасы қарастырылды және оған қатысты пікірлер ұсынылды. Заң жобасы пысықталған редакцияда Парламентке қарастыруға ұсынылды.

Тағы айта кететін жайт, Әділет министрлігінің өкілдерімен кездесуде Кэролайн Паунов елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етуге бағытталған, инновациялық іс-әрекеттің нәтижелілігіне әсер ететін және зияткерлік меншік жүйесін жетілдіру есебінен ұсынымдар кешені мәселесін қозғады. Одан басқа, кездесуге қатысушылардың назарына зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында ЭЫДҰ стандарттарына көшу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге қатысты жұмыс тобы шеңберінде талқыланатын ұсыныстар кестесі, сондай-ақ «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заң жобасы жаңа редакцияда ұсынылды. Сонымен бірге кездесу барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің зияткерлік меншік объектілерін тіркеу бойынша құзырлықтарына байланысты мәселелері де талқыланды.

Әділет министрлігінің өкілі Ш.Т. Әбдіреева зияткерлік меншікке қатысты ұлттық заңнама мәселелеріне тоқталды. Ол Патенттік заңға енгізілген өзгерістерді де атап өтті.

Ш.Т. Әбдіреева өз сөзінде «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарлама және қазақстандық қоғам мен мемлекетті, соның ішінде заңның үстемдігін нығайту арқылы, сот жүйесінің тәуелсіздігі мен бейтараптылығын күшейту, мемлекеттік аппараттың транспаренттілігі және оның азаматтық қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету, сот әділдігіне қолжетімділікті оңтайландыруды қоса алғандағы, жаңғыртуға бағытталған 5 институционалдық реформа бағдарламасына да көңіл бөлді.

Кездесу қорытындылары бойынша ЭЫДҰ сарапшылары ҚР зияткерлік меншік жүйесін жақсарту бойынша объективті бағалауды ұсынуда танылған ашықтық пен қызығушылыққа жоғары баға берді.   

Добавить в избранное 

Біздің серіктестер

  • NNEF
  • Rabota.nur.kz
  • «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы»қоғамдық бірлестігі
  • BNEWS.KZ
  • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
  • "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы
  • "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы" қоғамдық қоры
  • "Қоғамдық пікір" зерттеу институты
  • Қоғамдық Пікірді Зерттеу Орталығы
  • EXPO-2017
  • Отбасы.kz Ата-аналарды қашықтықтан оқытатын курстар
  • "Кәсіпқор" Холдингі
  • Сарбонна-Казақстан институты Абай атындағы ҚазҰПУ
  • "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебі
  • 100 нақты қадам
  • Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
  • "SERPIN" білім беру мекемелерінің ұлттық қауымдастығы
  • Түзету Педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
  • "НұрОтан" партияся
  • "Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" АҚ
  • ҚазГЮУ Университеті
  • "Білімді ел - Образованная страна" республикалық білім беру қоғамдық-саяси газеті
  • Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
  • Серпін-2050
  • Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Орталық туралы

  • Орталық туралы
  • Басқару
  • Корпоративті басқару
  • Нормативтік-құқықтық актілер
  • Орталық мекен-жайы
  • Біздің сарапшылар
  • Кері байланыс
  • Сатып алулар
  • Бос орындары

Оқиғалар

  • ЭЫДҰ
  • Дайджест
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Орта білім
  • Техникалық және кәсіптік білім
  • Жоғары білім
  • Бағдарламалық құжаттар мониторингі
  • Бiлім беру статистикасы
  • Халықаралық салыстырмалы зерттеулер

Қызметі

  • Қызмет бағыты
  • Білімді талдау, мониторингтеу және бағалау департаменті
  • Білім беру статистикасы департаменті
  • Білім статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаменті
  • Жоғары және кәсіптік білім департаменті
  • Ақпараттық технологиялар департаменті
  • Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті
  • Жоғары білімді дамыту департаменті
  • Бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықпен жұмыс жөніндегі департаменті
  • Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
  • Жобалар департаменті

Сайттың картасы
 

Рейтинг@Mail.ru