You are here

«Инновациялық саясатты іске асыру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылдың 29 қыркүйегінде «Инновациялық саясатты іске асыру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілді. Семинар Rixos қонақүйінде «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ қолдауымен Жан-Франсуа Лянжеле (ЭЫДҰ жаһандық қарым-қатынасы Еуразиялық хатшылығы жоба менеджері), Ваутер Меистер (ЭЫДҰ Еуразия бәсекелестігі бағдарламасы жөніндегі саяси талдаушы), Питер Линдхольм (ЭЫДҰ инновациялық саясат саласындағы кеңесші), Анри Рейно (басқарушы серіктес, «SARRUT Avocats»), Жиль ле Кокген («Bpifrance» Халықаралық қызмет көрсету және ынтымақтастық бөлімінің басшысы) секілді ЭЫДҰ халықаралық сарапшылардың тартылуымен «Қазақстанда Инновацияларды коммерцияландыру» тақырыбында өтті. Семинарда мынадай тақырыптарда презентациялар ұсынылды:

1) Әлеуетті ұлғайту: коммерцияландыру негіздері және озық тәжірибе;

Инновациялар саласында коммерцияландыру негіздерімен және озық тәжірибені талдаумен танысу.

2) Зияткерлік меншік: құқықты тиімді қолдану;

Зияткерлік меншік саласындағы құқықты тиімді қолдану тәжірибесі жөнінде презентация, сондай-ақ озық тәжірибе, түйінді институттар мен негізгі қағидаттардың талдауы.

3) Коммерцияландыру: іс жүзінде қолдану және қажетті құралдар.

Презентация инновациялық салаларда коммерцияландыру стратегияларының қолданылуына, сонымен қатар қаржыландыру көздері мен инновациялық жобалар арасында тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік беретін құралдарға арналған.

Қазақстан тарапынан аталмыш семинарға ҚР Білім және ғылым министрілігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті», «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы» ЖШС, «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС, «Kaznex Invest» АҚ, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК, Назарбаев Университеті жанындағы ҰТО, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және т.б. қатысты.

Отырысқа қатысушылардың пікірінше, семинар айтарлықтай жемісті, қызықты әрі сындарлы болды. ЭЫДҰ сарапшылары «АТО» АҚ-ға және іс-шараның барлық қатысушыларына ашық диалог үшін алғыстарын білдірді.