You are here

Айдана Қапсалықова

Printer-friendly versionPDF version

Қапсалықова Айдана Талғатқызы, «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының Білім беру статистикасы департаментінің менеджері. 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша аяқтады.

Бұрын ҚР БҒМ «Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы» РМҚК Білім беру статистикасы зертханасының сарапшысы болып жұмыс істеді.

Қызмет саласы: қосымша білім беру жүйесі, кешкі мектептер және білім беру ұйымдарын компьютерлендіру жөніндегі статистикалық деректерді жинау және өңдеу, талдау.

«Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесі шеңберінде алғашқы білім беру ұйымдарының, қалалық/аудандық бөлімдер мен облыстық Білім басқармаларының статистикалық деректерін жинауды консультациялық (әдіснамалық және техникалық) сүйемелдеу бойынша Алматы қаласы мен Жамбыл облысының кураторы.

Білім беру жүйесінің дамуының негізгі көрсеткіштері мен индикаторлары бойынша «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің статистикасы» жыл сайынғы Ұлттық жинағын, «Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің негізгі көрсеткіштері» статистикалық жинағын дайындауға қатысады. 

Қызмет саласы: 

Другие эксперты