You are here
Айжан Смағұлова



Смағұлова Айжан Ақболатқызы, педагогика ғылымдарының магистрі, «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының Білім статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаментінің бас сарапшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық білім беру деректер қорының кураторы.
Еуразия Гуманитарлық институтын «Шет тілдері» (мұғалім) мамандығы бойынша және Қазақстан-Ресей Университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтады.
Диссертациялық жұмыстың тақырыбы: «Педагогикалық өлшемдер қазіргі мектепте білім сапасының диагностикасы нысаны ретінде».
Бұрын ҚР БҒМ Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы Білім беру статистикасы зертханасының аға сарапшысы; «Республикалық біліктілікті растау және беру орталығы» РМҚК бас маманы; Қазақ Заң колледжінің оқытушысы болып жұмыс істеді.
Қазақстанда PISA-2015, TIMSS-2015 және PIRLS-2016 білім сапасының халықаралық салыстырмалы зерттеулерін ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты; PISA халықаралық зерттеуінің әдістемелік құралы авторлық ұжымының мүшесі.
Қызмет саласы: балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі статистикалық деректерді талдау. Білім беру жүйесінің дамуының негізгі көрсеткіштері мен индикаторлары бойынша «Өңірлік білім беру статистикасы», «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің статистикасы» жыл сайынғы Ұлттық жинағын дайындау.
PISA-2012 халықаралық зерттеуін жүргізудің жоғары деңгейі үшін ҚР Білім және ғылым вице-министрінің Алғыс хатымен марапатталды;
«SPSS (Statistica Package for the Social Sciences) социологиялық зерттеулерінің статистикалық деректерін өңдеу жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (2013 ж.); «Орта білім мазмұнын жаңартудағы әлемдік үрдістер», «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ (2014 ж.) тақырыптарына өткен тренингтер мен семинарларға қатысты.
Қызмет саласы:
Другие эксперты
-
Бас талдаушы, Білім статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаменті
-
Бас талдаушы, Техникалық және кәсіптік білімді дамыту департаменті
-
Бас талдаушы, Жоғары білімді дамыту департаменті
-
Жоба менеджері, Халықаралық салғастырмалы зерттеулер департаменті
-
Бас талдаушы, Білім беру статистикасы департаменті
-
Бас талдаушы, Халықаралық салғастырмалы зерттеулер департаменті
-
Директордың орынбасары, Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
-
Бас талдаушы, Бағдарламалық құжаттар мониторингі департаменті
-
Директор орынбасары, Жоғары және кәсіптік білім департаменті
-
Директор орынбасары, Білім статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаменті
-
Директор, Білім беру статистикасы департаменті
-
Бас талдаушы, Халықаралық салғастырмалы зерттеулер департаменті
-
Менеджер, Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті
-
Директор орынбасары, Бағдарламалық құжаттардың мониторингі департаменті
-
Менеджер, Бағдарламалық құжаттардың мониторингі департаменті