You are here

Гүлбаршын Ноғайбаева

Printer-friendly versionPDF version

Гүлбаршын Аскенқызы Ноғайбаева, "Ақпараттық-талдау орталығы" акционерлік қоғамының Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары.

Горький атындағы Омск мемлекеттік педагогикалық университетін «Орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша, Ф.Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университетін «Білім берудегі менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады. Жоғары білікті санаты бар. «Оқушылардың шығармашылық қабілеттілігін дамыту құралы ретінде интеграцияланған сабақ» атты ғылыми жұмыс авторы (Астана қ. БЖИ 26.02.2010 күні қорғалды және таратуға ұсынылды).

Бұрын Астана қаласының Инновациялық технологиялар колледжінің Ақпараттандыру және мониторинг орталығында, ҚР БҒМ ҰБСБО-ның білім сапасы зертханасында қызмет етті.

ҚР білім беру жүйесінің жағдайы және дамуы туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы, ОЖСБ және ҰБТ қорытындылары бойынша аналитикалық жинақтарды жазуға, TIMSS-2011 және PISA-2012 зерттеулерін жүргізуге, оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу құралдарын және білім беру саласында зерттеу өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысты.

Біліктілікті жоғарлату курстарынан өтті: «ИСО 9001:2008 талаптарына сәйкес СМЖ әзірлеу және енгізу», «ПОҚ жалпылау және тарату теориясы және практикасы», «ҚР білім беру ұйымы қызметінің тиімділігін бағалау»,  «Логикалық сипаттағы тесттерді сараптау», «Білім беруде рейтингтерді жобалау және қалыптастырудың өзекті мәселелері», «Социологиялық зерттеудің статистикалық деректерін өңдеу бойынша SPSS бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану», "Білім беру мазмұнын жаңартудың әлемдік трендтер", «Білім беру саласындағы мониторинг және бағалау» (RIPA International, Лондон, 2014), «Білім беру саласындағы мониторинг және бағалау» (GRM, АҚШ, 2014), «Оқушылардың оқу жетістіктерін зерттеу құралдарын әзірлеу» (GIZ халықаралық ынтымақтасу бойынша Герман қоғамы, Берлин, 2015).

Орыс тілі және сөйлеу мәдениеті бойынша практикумның (2010), «Жалпы білім беру мектептерінде 9 сынып оқушыларының білім сапасына әсер ететін факторлар» зерттеуін өткізу үшін Әдістемелік ұсыныстардың (2012), білім беру жүйесінің жағдайы және дамуы туралы облыстық баяндаманы дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстардың, Астана (2014), оқушылардың білім жетістіктерін мониторингтік зерттеу қорытындылары бойынша аналитикалық жинақтың (2012-2014) авторы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2011) және Алғыс хатымен (2012, 2013), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2014) марапатталды.

Қызмет саласы: 

Другие эксперты