You are here

Гүлнара Кусиденова

Printer-friendly versionPDF version

Кусиденова Гүлнара Құндаққызы, магистр технических наук, "Ақпараттықталдау орталығы" акционерлік қоғамының Техникалық және кәсіптік білімді дамыту департаментінің менеджері.

Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің физика факультетін, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Осы университеттің «Электроэнергетика» мамандығы бойынша техникалық ғылым магистрі дәрежесіне ие. Павлодар облысының «2006 жылдың бастауыш және орта кәсіптік білім беру оқытуының үздік шебері, үздік оқытушысы» байқауының «Жаңашыл педагог» номинациясының жеңімпазы.

Розов орта мектебінде, Там-Шілік толық емес орта мектебінде, Павлодар қ-сы №24 Орта білім беру мектебінде, Павлодар қ-сы Бизнес-колледжінде және ҚР БҒМ Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығында жұмыс атқарды.

Білім беру жүйесін талдау, мониторинг жүргізу және сапасын бағалау технологияларына ие. Қазақстанның орта білім беру жүйесінде мониторингтік зерттеулерді жүргізуде және республикалық білім беру ұйымдарын аудиттауда тәжірибесі бар. Халықаралық рейтингтерде (ЖБИ, АДИ, ХМДИ, ЖББ) білім көрсеткіштері мен индикаторлар нәтижелерін талдаумен айналысады. Жыл сайын басылып шығатын Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуы және жағдайы туралы Ұлттық баяндаманың бірден бір авторы (2011, 2012, 2013). Электр энергетикасы саласындағы 3 ғылыми еңбектердің авторы. 5 басылымы бар. Білім беру сапасын бағалаудың Еуразиялық қауымдастығының мүшесі (ЕАОКО). 

Павлодар облысы Білім басқармасының құрмет грамотасымен (2006), Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндаманы жоғары дәрежеде дайындағаны үшін ҚР Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасымен (2012), ҚР Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасымен (2013) марапатталды.

Другие эксперты