You are here

Меруерт Булдыбаева

Printer-friendly versionPDF version

Булдыбаева Меруерт Қадірліқызы, магистр, "Ақпараттық-талдау орталығы" акционерлік қоғамының Техникалық және кәсіптік білімді дамыту департаментінің бас талдаушысы.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Корея даму институты жанындағы Мемлекеттік саясат және басқару мектебін бітірген.

Мемлекеттік саясат саласында магистр (МРР) дәрежесін иеленген және жобаларға мониторинг жүргізу мен бағалау саласында сертификатталған маман болып табылады, GRM International, Вашингтон (Колумбия округі), АҚШ.

Ұлттық аккредиттеу орталығы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде жұмыс атқарды. ЖОО-ларды аккредиттеудің ұлттық моделін жасақтауға және  Ұлттық аккредиттеу орталығының Еуропалық жүйесі (ENQA), Тынық мұхит жүйесі (APQN) және Еуразия Сапаны бағалау жүйесі секілді бірқатар сапаны қамсыздандыру жүйелеріне қауымдастырылған мүше рөлінде қосылуына  атсалысты. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеген кезеңде білім және ғылым саласындағы ҚР халықаралық шарттарын әзірлеуді, жасауды және іске асыруды қамтамасыз етті.

ЭЫДҰ және «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның  бірлескен жобаларына қатысты: «Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы саясатына шолу» жобасында Негізгі есепті даярлау және сарапшылар сапарын ұйымдастыру бойынша ұлттық үйлестірушісі; «Мектептен кейінгі білім беру деңгейіндегі дағдылар: Қазақстан» (техникалық және кәсіптік білім саласы) жобасында Аймақтық зерттеулердің және жобаның  ұлттық үйлестірушісі.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында «Туриндік процесс» зерттеуін жүргізу бойынша жұмыс атқаруда. 

Другие эксперты