You are here

Жанар Увалиева

Printer-friendly versionPDF version

Увалиева Жанар Саметқызы, «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Білім статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаментінің директор орынбасары.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша және Қазақ тұтынушылар одағының Қарағанды экономика университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша аяқтады.

«Орта білім мазмұнын жаңартудағы әлемдік үрдістер» тақырыбына өткен тренингтер мен семинарларға қатысты, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ.

Бұрын Қарағанды облысының №8 орта мектебінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі; ҚР БҒМ «Білім беру статистикасы және бағалау ұлттық орталығы» РМҚК Білім статистикасы зертханасының аға сарапшысы болып жұмыс істеді.

Қызмет саласы: оқыту тілдері, меншік нысандары, ведомстволық тиістілік, жас мөлшері бойынша бөле отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту жүйесінің желісі, контингенті және білім беру процесі жөніндегі статистикалық деректерді жинау және өңдеу, талдау. Білім беру жүйесінің дамуының негізгі көрсеткіштері мен индикаторлары бойынша «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің статистикасы», «Өңірлік білім статистикасы» жыл сайынғы Ұлттық жинағын дайындау.

Қызмет саласы: 

Другие эксперты