You are here

Жаннат Мусина

Printer-friendly versionPDF version

Мусина Жаннат Зарлыкқызы, M.A., Орта білімді дамыту департаментінің директор орынбасары.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша тәмамдады. ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» бағдарламасы аясында ГФР-да M.A. Erziehungs- und Bildungswissenschaft дәрежесін алды. Магистрлік диссертация тақырыбы: «Modellierung des sozioökonomischen Status in der internationalen Schulleistungsforschung» / «Халықаралық оқушылар жетістіктері зерттеулеріндегі әлеуметтік-экономикалық мәртебені модельдеу».

Бұрын Орал қ. Облық балалар және жасөспірімдер кітапхана жанындағы Америка мәдени орталығында, ГмбХ «Arbeit und Lernen» «Hamet-2» проектісінде және Гамбург университетінің педагогика факультетінде еңбек етті.

«Білім беру секторындағы мониторинг және бағалау» (RIPA International, London, UK) және «Озық мониторинг және бағалау» (GRM International, Washington DC, USA) курстарын өтті. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитацияланған.

Келесі зерттеу жобаларына қатысты: «Ұлттық білім саясатына шолу: Қазақстандағы орта білім», «Мектептерде ресурстарды пайдалану тиімділігі» және «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ата-аналардың ықпалын бағалау».

Ғылыми қызығушылықтары: мектеп білімінің сапасы, халықаралық оқушылар жетістіктерінің зерттеулері, мектеп білімі саласында білім беру саясаты, білім берудегі әлеуметтік-экономикалық факторлар, білім мүмкіндіктерінің теңсіздігі.

Қызмет саласы: 

Другие эксперты