You are here

ЭЫДҰ: 21 ғасырдың балалары

Printer-friendly versionPDF version

Education and Skills Today, 18.01.2016

Қазіргі заманғы балалықшақтың табиғаты қандай? ЭЫДҰ «Білімді қалыптастыратын тенденциялар 2016» (Trends Shaping Education 2016) жаңа есебі білімнің болашағына әсер ететін негізгі әлеуметтік, демографиялық, экономикалық және технологиялық тенденцияларды қарастырады. 

Балалардың физикалық және психикалық әл-ауқаты басты мәселелердің бірі болып табылады. 21-ғасырдың балалары алдыңғы ұрпаққа қарағанда әртүрлі жағдайлардан көбірек қорғалған. Медицинаның дамуы мен қауіпсіздік техника ережелерінің қаталдандырылуы ЭЫДҰ мүше-елдерде бала өлімі көрсеткіштерінің төмендеуіне әкелді. Ересек әрі білімді ата-аналар баланың дамуы мен білімінде үлкен роль атқарады. Жаңа технологиялар ата-аналарға балаларының денсаулығы мен орналасқан жерін бақылауға көмектеседі. 

Ата-аналарға балаларымен үнемі байланыста болуға көмектесетін жаңа технологиялар балалар үшін жаңа тәуекелдердің пайда болуына әкеп соқты (мысалы, кибербуллинг).

Анықтама үшін: Кибербуллинг (Cyberbullying) - ұзақ мерзім ішінде коммуникация құралдары арқылы әдейі жасалатын қорлау, қауіп-қатер және компроматтық мәліметтерді жіберу.

Қазіргі заман балалар үшін стресстің жаңа түрлерінің пайда болуына әсер етті. 21-ғасырдағы бала көп жағдайда аға-інілерімен/апа-сіңлілерімен арасуға мүмкіндігі болмайтын отбасында жалғыз бала болуы ықтимал. Балалар мен жасөспірімдерді "ұшқыш-ата-аналар" ауыртпалық жүктейді. 

Анықтама үшін: Ұшқыш-ата-ана (helicopter parents) – өз баласының әр қимылын бақылайтын ата-аналарды сипаттайтын термин. Олар жердің бір бөлігінде ұшып тұрып қалған ұшақ іспеттес болады.

Сонымен қатар, мәліметтер заманауи балалардың тежелу мен ұйқы жеткіліксіздік дәрежесі жоғары болғанын көрсетеді. Ойынға арналған бос уақыт азаюда. Балалар таза ауадағы қозғалыс ойындарының орнына уақытты компьютермен көбірек өткізеді. ЭЫДҰ елдерінде бала семіздігі жағдайларының ұлғаюы байқалады. Бұл балалар арасында физикалық, әлеуметтік және психикалық мәселелердің өсуіне әкеліп соқтыруы ықтимал. 

"21 ғасырда өзгерген балалық шақтың табиғаты білімге қалай әсер етеді?", "Бала болып оқуға, өз қателіктерін жасауға мүмкіндік бере отырып, мұғалімдер мен мектептер ата-аналармен және әртүрлі балаларды қорғау қауымдастықтармен қарым-қатынасты қандай бағытта жасай алады?" деген сұрақтар маңызды және өзекті болып отыр.