You are here

ЭЫДҰ: Барлық балалар күрделі математикалық тапсырмаларды орындау керек пе?

Printer-friendly versionPDF version

Education and Skills Today, 06.09.2016

Көптеген оқушылар, әсіресе қолайсыз отбасылардан шыққан оқушылар, күрделі математикалық тапсырмаларды ешқашан шешіп көрмеген. Олардың мұғалімдері олар бұл есептерді шеше алмайды деп санайды. Кейбіреулер ""оның жолы болды" деп санауы мүмкін, бірақ PISA деректері  керісінше пікір білдіреді.

Зерттеудің нәтижелері әлсіз оқушылар күрделі математикалық тапсырмаларды орындағанда анағұрлым жиі үрейленетіні көрсетті. Дегенмен, олардың мұғалімдері олармен "стандарттарды төмендетпей" жеке жұмыс істесе, оқушылар математикалық есептерді шешу үшін өздерінің жеке қабілеттеріне деген сенімділіктерін арттыруға бейімді болады екен. 

PISA 2012 жылғы деректері ЭЫДҰ елдерінде оқушылардың орта есеппен 70% мұғалімдері бағдарламаны оқушылардың қабілетіне қарай бейімдеу керек деп санайтын мектептерге баратынын көрсетті. Германияда, мысалы, әлсіз мектептер директорларының 51% мұғалімдер бағдарламаны жеңілдетуге дайын деп жауап берді, ал күшті мектептерде олардың үлесі тек 13% ғана құрады.

Мұғалімдердің басым бөлігі барлық оқушылардың өткен тақырыптарды түсінуі үшін оқытудың мазмұнын оқушылардың қабілеттеріне қарай бейімдейді. Дегенмен, оқушылардың қабілеттері негізінде бөлу оқу үлгерімі төмен оқушылардың оқытудың тең мүмкіндіктеріне қол жеткізудің шектелуіне әкеліп соқтырады. 

Оқушыларды бөлуден құтылудың үздік тәсілі - сыныптың қалған бөлігін "қуып жету" және өз-өзіне сенімділікті дамыту үшін жеке қолдау көрсету.  Егер мұғалімдер саралау керек деп санаса, олар оқушылардың қабілеттері негізінде құрылған, оқушыларды терең бөлуге әкелмейтін оқыту тәсілдерін пайдалануы мүмкін (мысалы, топтық жұмыс).

Барлық балалар математик болып туылмайтынын да түсіну керек, бірақ барлығы, істеген ісіне қарамастан, тырысып, еңбек етіп, мақсатқа қол жеткізіп үйрену керек.