You are here

ЭЫДҰ дағдыларды болжауға арналған құралды ойлап тапты

Printer-friendly versionPDF version

oecd-ilibrary.org, 08.04.2016

Ағымдағы жылғы сәуірде ЭЫДҰ дағдылар сұранысын бағалау және болжам жасау жөніндегі баяндаманы (Getting Skills Right: Assessing and Anticipating Changing Skill Needs) жариялады.

Технологиялық, жаһандық, демографиялық және басқа да әлеуметтік-экономикалық өзгерістер дағдылардың қажеттілігін өзгертеді. Бұл біліктіліктің еңбек нарығындағы үнемі жетіспеушілігіне және сәйкес келмеуіне әкеліп соқтырады. Дегенмен, дағдылар қажеттілігінің әдістемесін және болжау құралдарын жақсарту арқылыы бұл теңгерімсіздіктің алдын алуға болады.

Бұл мәселені шешу үшін ЭЫДҰ, Cedefop Еуропалық кәсіптік білім беруді дамыту орталығы, Еуропалық Білім қоры және Халықаралық еңбек ұйымы бірлесіп сауалнама кітапшасын әзірледі, ол дағдыларды қысқа (6 ай - 2ж.), орта (2-5 жыл) және ұзақ мерзімді (5 и более лет) болжауға бағытталған.

Зерттеу ЭЫДҰ 29 мемлекетінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарында өткізілді. Нәтижелер 40%-дан астам қызметкерлердің дағдылары олардың жұмыстарының шынайы қажеттіліктеріне сәйкес келмейтінін көрсетті. Он респонленттің үшеуі олардың дағдылары анағұрлым күрделі міндеттерді атқаруға сәйкес келетініне сенімді.