You are here

ЭЫДҰ елдерінде біліммен және оқытумен қамтылмаған жастардың үлесі өсуде

Printer-friendly versionPDF version

oecd-ilibrary.org, июль

ЭЫДҰ "Жұмыспен қамту перспективалары жөніндегі ЭЫДҰ есебі 2016" («OECD Employment Outlook 2016») деректері бойынша 2007 жылмен салыстырғанда біліммен және оқытумен қамтылмаған жастардың үлесі өсіп келеді. 

2015ж. ЭЫДҰ көптеген елдерінде NEET тобына жататын жастар үлесінің өсімі байқалды. Орта есеппен, ешқайда жұмыс істемейтін және оқымайтын жастардың 38%-ы орта мектептің жоғары сыныптарын аяқтамаған. Демек, олардың, ешқайда жұмыс істемейтін және анағұрлым білімді жастарға қарағанда, жұмыс іздеу белсенділігі төмен болады. NEET тобына жататын жастардың шамамен үштен бір бөлігі жұмыссыз отбасыда тұрады. 

Анықтама үшін: NEET тобына жұмыссыз немесе экономикалық тұрғыдан белсенді емес, өз кезегінде білім алмайтын және кәсіптік даярлаумен/ қайта даярлаумен қамтылмаған 15-24 жастағы жастар жатады.