You are here

ЭЫДҰ мектепке дейінгі жастағы балалар арасында «шағын-PISA» өткізеді

Printer-friendly versionPDF version

Nursery World, 14.05.2017

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мектепке дейінгі жастағы балалардың жетістіктерін халықаралық бағалауды - International Early Learning and Child Well-being Study (IELS) өткізуді жоспарлап жатыр. «Шағын-PISA» деген бейресми атауға ие болған зерттеу 3-6 елде 2018-2019 жылдары өтеді. Зерттеудің нәтижелері 2020 жылы жарияланады.

Зерттеуге қатысушы-елдердің нақты тізімі әлі құрылмаған. Қазіргі уақытта Англия мен Уэльс қызығушылық танытуда. Зерттеудің мақсаты болып үйдегі ортада, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымда балалардың ерте дамуына ықпал ететін немесе оларға кедергі келтіретін факторларды анықтау болып табылады. Балалардың математикалық сауаттылығы, әлеуметтік және эмоционалды дамуы бағаланады. ЭЫДҰ осы бағалау балалардың мектепке дайындығын бағалау емес, баланың ұзақ мерзімді келешектегі дамуын бағалау екенін атап өтті.

Балалар екі күн бойы төрт 15-минуттық бағалау рәсіміне қатысады. Зерттеу баланың үй жағдайында және мектепке дейінгі ұйымда даму ортасын жақсарту бөлігінде саяси шешімдер қабылдау, балаларды дамыту бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болады.