You are here

ЭЫДҰ оқушыларды жалған жаңалықтарды танып білуге үйретуге шақырады

Printer-friendly versionPDF version

The Telegraph, 18.03.2017

ЭЫДҰ 2018ж. өзінің халықаралық зерттеулеріне жаңа санат кіргізуді жоспарлап жатыр. "Жаһандық құзыреттер" санаты оқушылардың БАҚ ұсынатын ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау қабілеттеріне бағытталады. ЭЫДҰ Білім мен дағдылар департаментінің басшысы Андреас Шляйхердің пікірінше, бұндай бастама оқушылардың арасында радикалды насихаттың таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтарды сыни тұрғыдан бағалаудағы кедергілердің бірі Шляйхер әлеуметтік медиа-дереккөздерін атады. Бұндай дереккөздер өзіндік "эхо-бөлме" істеттес болып табылады, бұнда пайдаланушылар тек пікірлестермен және олардың көзқарастарын дәлелдейтін жаңалықтармен ғана өзара әрекеттеседі. Осыған байланысты балаларды жалған жаңалықтардың бары туралы және оларды анықтауға үйреткен аса маңызды. Шляйхер желеген пәнді оқытпай, бұндай дағдыларды қолданыстағы пәндерге енгізуді ұсынады.

Ұқсас бастаманы Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті де ұсынады. МПМУ ұйымдастырған форумда Ресейдің педагогикалық ЖОО-ға медиабілімді енгізу туралы идеялар айтылды. "Медиапедагог" кәсіби стандартты әзірлеу, медиабілімді ЖОО-да және мектептерде ҚӨН және информатика сабақтарында ілгерілеу, сонмыен қатар бұл бағытта магистратура бағдарламаларын да әзірлеу ұсынылады.