You are here

Фин мектебіндегі бірінші қыркүйек: бұл қалай ұйымдастырылған

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme, 01.09.2016

Жылдың басы – әдеттегідей жиналыстар, өтіп кеткен жазды сағыну және үнемі күйзеліс емес. Финляндияда қуанышпен оқуға кірісудің тәсілін тапты.  

Фин мектептеріндегі жыл басының еркшеліктері туралы жылдың соңына дейін минуттар бойынша жазылған сабақтармен елге жұмыс істеуге келген Америка мұғалімі айтып берді. Көп ұзамай бұл тәсілдің мектеп өмірі туралы басқа да сипаттар сияқты жұмыс істемейтініне көз жетті.   

Финляндияда оқу жылы балалардың жаңа өмір салтына үйренуге үлгеруі үшін кезең-кезеңмен басталады. Автор айтқан Куопио бастауыш мектептерінің бірінде алғашқы күндер жазғы демалысты талқалауға, ойынға және бірлескен сабақтарға арналады. Бұл кезде оқулықтар таратылмайды және үй тапсырмасы берілмейді. Ең бастысы – оқушылар мен мұғалімді күйзелістен арылту. Бұндай ережелер тек бастауыш мектепке ғана тән емес: жоғарғы мектептердің өзінде-ақ алғашқы күндер әдетте оқуға емес, саяхаттауға, кездесулерге және әңгімелесуге арналады.  

Бұның бәрі жаңа мемлекеттік стандарттарда жазылған: «Оқыту бейбітшілік және достастықтық жағдайда, сонымен қатар қолайлы және алаңсыз көңіл-күйде жүргізілуі тиіс». Бұндай тәсіл когнитивтік емес дағдыларды: талпынысты, өзін-өзі билеу және рухани күшті тез қалпына келтіру қабілетін дамытады деп саналады.