You are here

Финляндия кәсіптік білім беру реформасын өткізіп жатыр

Printer-friendly versionPDF version

Helsinki Times, 03.05.2017

Фин үкіметі техникалық және кәсіптік білім реформасының жобасын ұсынды. Реформа өндірістік тәжірибені өзгертуге және саланы қаржыландырудың жаңа моделін енгізуге бағытталған. Финляндия Білім және мәдениет министрі Санни Гран-Лаасонен (Sanni Grahn-Laasonen) енгізіліп жатқан жаңалықтар соңғы 20 жылда анағұрлым ауқымды болады деп айтты.

Бұл реформаның аясында студенттер ТжКБ мамандықтарына жыл бойы қабылданатын болады. Бұл шара білім деңгейлерінің арасында ауысуды анағұрлым икемді етеді.

Басқа маңызды жаңалық - әр студенттің жеке кестесі, әрбір кесте студенттің дағдылары мен оларды жұмыс орнында қолдануы ескеріліп, оқытушы мен студенттің арасында жеке келісіледі.

Мамандықтардың саны оларды ірілендіру арқылы 350-ден 150-ге дейін қысқартылады. Осылайша, Финляндияның бейіндік министрлігі мамандықтар әлемінде жылдам өзгерістермен байланысты сын-қатерлерге жауап беруге ниеттеніп отыр.