You are here

Финляндия мектептерде дәстүрлі пәндер болмайды

Printer-friendly versionPDF version

morningledger.com, 11.11.2016

Фин мектептерінде білім берудің түбегейлі реформасы аясында дәстүрлі пәндерден сабақ берілмейді деп шешілді. Жай пәндердің (математика, физика, тарих және т.б.) орнына Финляндия орта оқу орындарында енді тақырыптар мен құбылыстарды өтетін болады.

Осылайша, ағылшын әдебиеті мен физика Хельсинкидің бірқатар мектептерінде берілмейді. Мысалы, Еуроодақты өту шеңберінде оқушыларға тарихтан, саясаттан, географиядан және шетел тілдерден дәрістер оқылады. Оның орнына балаларға тақырыптар мен оқиғалар оқытылады. Осылайша олар қоршаған орта туралы кешенді білім алады деп есептеледі.

Хельсинкидің Білім департаментінің басшысы Марьо Киллонен фин мектептерінің басым бөлігі 2020 жылға қарай білім берудің жаңа жүйесіне өтетінін хабарлады.